Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша мәтінмен өзіндік жұмыс

Халықаралық Мирас мектебі
Miras International School, Almaty
Батыргереева Гульмира Кушеналиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Пәні/Course Kazakh B  6 сынып (орыс және ағылшын тілде оқитын сыныптарға арналған)

Тарау /Unit:  Отбасы және тәрбие

Тақырып/Topic: Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша мәтінмен өзіндік жұмыс.

Жаһандық  контекст: Ұқсастық және өзара қарым-қатынас

Негізгі концепция:  Қарым-қатынас

Пәндік-мақсаттық концепциялар: Мән,мақсат.

Пәнаралық байланыстар:  Өзін-өзі тану, қазақ әдебиеті

Зерттеу тезисі: «Отбасы – Отанның ошағы, қоғамның берік қорғаны».

Зерттеу сұрақтары: «Тәрбие – тал бесіктен басталады».

Білім алу жолдары / Approaches  to learning

Ұйымдастырушылық: Берілген жұмысты уақытында өткізу.

Өзін-өзі бақылау: Алдыға қойылған мақсатқа жету, нәтижесін бағалау.

Сауаттылық: Көркем шығарма жазудағы тілдік құралдарды білу және қолдану. Әңгіменің негізгі ойын, тақырыбын анықтай алу машықтарын қалыптастыру.

Ойды жеткізе білу: Тақырып ашу үшін керекті нақты ойды іріктеп ала алу.

Бағалау: D  ұстанымы – тілді ауызша және жазбаша түрде қолдану;

 В – ұстанымы – жазбаша және визуальді мәтінді көріп,түсініп оқу және түсіндіре алу.

Фаза (Phase) 2

Тапсырманы орындауға берілетін уақыт: 40 минут

 

Бақша ағаштары

 Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
   - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
   - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
  - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
  - Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.   

 

мазмұны

 жауабы

1

Мәтін не туралы?

 

2

Мәтіннің негізгі идеясын жазыңыз

 

3

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы. «Бағу – қағу» дегенді қалай түсінесіз?

 

4

«Сен жас ағашсың саған да күтім керек» деген сөздің суретпен қаншалықты байланысты екенін жазыңыз.

 

5

« Түзік кісі» деген кім? 

 

6

«Қисық кісі» деген кім?

 

7

«Адам болатын бала алысқа қарайды» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)