Өлең, жыр, ақындар

Қоспаларды бөлу әдістері

Қызылорда облысы
Арал ауданы
Қаратерең елді мекені
№82 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі,
Қуанышбаев Тоқсанбай

Бөлім 2 Таза заттар және қоспалар.

Бөлімше 2.1

Сабақтың тақырыбы: Қоспаларды бөлу әдістері.

Мұғалімнің аты – жөні:

 

Сынып: 7 а

Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспаған оқушылар  саны:  -

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға табиғаттағы таза және қоспа заттар, оларды ажырату, қоспаларды бөліп алу әдістері туралы түсінік беру.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды.  Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Білім алушы:

*Заттарды қоспалардан бөлу әдістерін ажырата алады.

*Біртекті және әртекті қоспаларды көзбен көріп, анықтап, көрсете алады.

Тілдік құзіреттілік

Қоспаларды бөлу әдістері.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс – тәсілдер

Сұрақ – жауап, әңгімелеу,түсіндіру, ойын, көрнекілік, периодтық кесте. Рефлексия

Пәнаралық байланыс

География, физика, математика

Алдыңғы оқу

Элемент, қоспа және қосылыс.

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау.

 Бір – бірімізді таңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет

Топқа бөлемін: «Элемент аттарын атап «Сутек», «Оттек», Литий»» топқа бөлінеді. Оқушылар элемент атарына сәйкес І; ІІ; ІІІ топтарға бөлініп отырады.

 

 

«Сутек» элементті

ІІ топ: «Оттек» элементті

ІІІ топ: «Литий» элементті

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну.

«Оқы, жұптас, талқыла»  әдісі бойынша  берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Қоспаның құрамындағы заттарды бөліп алудың сан түрлі тәсілдері болады. Солардың ішінен күнделікті кездесетін бірнешеуімен танысайық. Біртекті және әртекті қоспадағы заттарды бөлудің өзіндік ерекшеліктері бар. Оны оқулықта көрсетілгеннақты тәсілдерден  көресіңдер.

Қоспа – екі немесе одан да көп заттардан тұрады.                 

1). қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге жіктеледі: біртекті және әртекті.                            2). Тұндыру тәсілі  - заттардың тығыздықтарының әр түрлі болатынына негізделген.

       Сүзу тәсілі – ерітіндідегі ерімеген бөлшектерді бөлуді тездету үшін қолданылады.

       Қайта кристалдану – бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, сосын буландыра отырып, суалту жолымен тазартуды айтамыз.

       Айдау – ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, сонан соң салқындатып сұйық күйге ауыстырып, конденсациялауды айтады. Мұны дистелдеу тәсілі деп те атайды.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Қоспаларды бөлу әдістері туралы айтыңыз.

 

 

 

 

 

Оқулық, мәтіндер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

12 минут

Қолдану. Тапсырма 1 жеке жұмыс.

 1. Таза заттар мен қоспаларды ажыратып, төмендегі тор көзге таза заттарды жазыңдар.

ауа

су буы

бензин

мыс сым

бұлақ суы

темір шеге

ас тұзы

құм

қар

сүт 

мұз

шай

мұнай

бал

тас

кірпіш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма: Топтық жұмыс жүргізу.

3. Ас тұзының ерітіндісін суалту.(оқушылар тәжірибе жүргізеді)

- сүзінді;

- кәрлен табақша;

- тұрғы ;

- спиртшам;

Дескриптор

Білім алушы

  • кестедегі таза заттарды анықтайды;
  • тор көздерге қатысты емес заттарды таба алады;
  • қайта кристалдану әдісін біле алады;
  • ас тұзы ерітіндісін суалту арқылы қайтадан ас тұзын алуды үйренеді;
  • қоспалардан таза заттарды бөліп ала алады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі – түсті маркерлер. Топтық

жұмысқа арналған ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту.  Қоспаларды бөлу әдістері.

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс.

БІЛІМ  ҚОРЖЫНЫ

Өте жақсы түсіндім,                      Мен сабақты                     Тақырып бойынша әлі де

мен үшін қызықты болды.            жақсы түсіндім                        ізденуім керек

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға  жабыстырады


Пікірлер (9)

арай

қысқада нұсқа жақсы жазылған

айсезім

қатты ұнады

Ұлболсын

Рахмет

ЖансаЯ

Бөлу әдісі дегеніміз не соны түсінбедім

Арайлым

Маған ұнады.Сұрағыма жауап ала алдым. РАХМЕТ. КӨП КӨП!!!!

АСЫЛАЙ

Рахмет

Еркемай

Қоспаны бөлу тәсілі

Дариха

Керемет екен ғой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз