Өлең, жыр, ақындар

Дара және күрделі сан есімдер

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы
"Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Канафиева Зарина Рустамовна

 

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты
Сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік мақсаты Адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіндіріп, өмірмен байланыс арқылы туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденіс, талдау, т. б.
Көрнекілігі  интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс математика, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарының барлығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге, а) сан есім дегеніміз не?, мағыналық түрлеріне мысал жазып мағыналарын ажырату және сан есімі бар мақал – мәтел жазып келу.
III «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)

- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?

- Сендер неше жастасыңдар?

- Нешінші сыныпта  оқисыңдар?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың байланысы: Оқушылар, 99, 70,  айтқан оқушылар 1 –ші топқа,  7, 1 сан есімдерді 2-ші топ миға шабуыл жасандар. Оқушылар, мен неге сендерге осылай бөлдім? Қалай ойлайсыңдар?
3- ші топ олардың ойларын қорытып ереже шығарасындар.

Әрине, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.
Мысалы, он, екі, бес, мың – негізі сан есімдер;
ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу – туынды сан есімдер.
Екі я одан да көр түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.
Мысалы, екі мың он үш, 25 т. б.
Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.
Мысалы, қырық - елу, алпыс - жетпіс,
IV.  Дәптермен жұмыс
129 жаттығу. Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бірінші топ. бөлек, күрделі сан есімдерді екіншң топ жазыңдар. Ал үшінші топ – мәтінің мазмұнын түсіндіреді.
Тапсырма тексеріліп бекітіледі.
130- жаттығу апсырма тексеріліп бекітіледі.
V. PISA-писа бағдарламасы бойынша оқушылардың білімін бағалауға арналған тапсырма. «Менің өмірімдегі маңызы зор сандар»тақырыбына эссе жазғызу.Туған жылын, айын жазған жауаптарға қарағанда 103,101 сандарын жазған жауаптар дұрыс. (Мысалмен түсіндіру).

VI. ТРИЗ стартегиясы. Тбсақ берілген әріптерден сөз құрау.

Тұрар базардан сағат алып қайтты.

Оқушылар ойлау қабілетін шапшаңдығын дамытуға көмектеседі.

1-топ. Берілген әріптерден  сөйлем құраңдар

1.Ж б с о б

 2-топ. Оқушылары берілген сызба бойынша сөйлем құрастырады.

_______  - - - - - - -.-.-.-.-.-.-.__________

                                               __________

3-топ оқушылары шығармашылық жұмыспен айналысады. Мәтінге ұқсатып өздері өлең жолдарын ұйқастырады. Мысалы: Біріншіден кім жаман?

Біріншіден кім жаман? –Білгісі жоқ жан жаман.

Екіншіден кім жаман? – Қайырымсыз бай жаман.

Үшіншіден кім жаман? – Жатып ішер ұл жаман.

Төртіншіден кім жаман? – Кеудесі көр құл жаман.

VII. «Сергіту» ойыны. Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер.
Екінші, қырық - елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш - үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.

VIII.  “Этномәдени сұрақтар” - ауызша жұмыс түрі
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)
IX. Мәтінмен жұмыс    

Артық болмас білгенің....  

1 топ. Ай-жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа  жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.

2 топ. Адам организмінде 300 грамдай тұз бар.Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып, тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады. 

Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.

Тапсырма:  Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта. 

3 топ. Суретпен жұмыс.Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жазыңдар. 

X. 1 топ «Математика сабағында» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.

2 топ «Біздің сынып» атты хабарлама жаса. 

3 топ Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрастыр.

Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Кезектесіп бағу. Ауыл өмірі. Көңілді сәттер.

XII. Әдебиетпен байланыс.
 - Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз табының да алатын орны ерекше. Мысалы,біз 5-сыныпта Шешендік сөздер бөліміндегі «Қазыбектің тапқырлығын» білеміз,Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қазыбек би келеді.Сонда Бұқар:- 1-ден 10-ға дейінгі санның мағынасын ешкім айтып бере алмады,сен айтшы,-дейді.Сонда Қазыбек айтып береді. Кәне, кім еске түсіреді. (оқушылардан сұрау.) 

Ақындарымыздың осы секілді санамақтары да бар. Енді бәріміз де өзімізге арнап санамақ айтайық:  

                    Бір дегенім –білім алу.
                    Екі дегенім-елін сүю.
                    Үш дегенім-үлгілі болу.
                    Төрт дегенім-төзімді болу.
                    Бес дегенім- бірлікте болу.
                    Алты дегенім- ақылды болу.
                    Жеті дегенім- жетістікке жету.
                    Сегіз дегенім- сезіне білу.
                    Тоғыз дегенім-толғану.
                    Он дегенім-осының бәрін ойға алу.

- Олай болса,балалар,осындай қасиеттерді ойға алып қазақ деген қасиетті елдің бір перзенті болуы үшін Қазыбектей,Төле бидей, Әйтекедей тұлғалары бар халықтың ізін жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұрақ туындайды.

                                         Біз кімбіз?

     Кеше                           Бүгін                          Ертең

3-4 жасар                       6-сынып                     ХХІ ғасырдың

біз балдырған               оқушысы                    болашақ

баламыз                        білім қуған                 барыстарымыз

өренбіз

XIII. Сабақты бекіту:
«Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)
 XIV. Сабақты қорыту.
- Сонымен,  дара сан есімдер дегеніміз не?
- Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
XV. Шығармашылық деңгей сұрақ

1.-Кәне, балалар, алда санаулы күндерден кейін қандай қызыл күн бар?

   (-16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.)

  -Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?

   (-25 жыл.)

Ендеше, Үйге тапсырма. «Менің - Тәуелсіз Отаным» тақырыбында эссе жазу.
 XVI. Бағалау, бағалау парағы бойынша бағалану.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз