Өлең, жыр, ақындар

Мәдениеттің белгісі - тазалық

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы  
«Айгүл» балабақшасы
тәрбиеші: Қалдыбаева Несіпкүл Ережепқызы

 

Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласынын арулардан айықтыруға, өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілетін көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнеше топқа бөлінеді.

Әр адам баласының денсаулығы өз қолында. Сондықтан барлығымыз да гигиеналық ережелерді сақтайық, Оларды орындау қиында емес, бірақ тигізер пайдасы зор. Олар:
1. Теріні күту. Күнде таңертен душ қабылдау қажет, аптасына 1 рет ванна немесе монша қабылдау абзал. Ас ішердің алдында, даладан келгенде, дәретханадан кейін үнемі қолымды жуамын.Теріні таза ұстаумен қатар, ылғалдандырып, нәрлендіру қажет.

2. Шашты күту. Аптасына 2 рет менің шашымы тән жуғыш заттармен шашымды жуам. Күнделікті таңертен, кешке шашымды тараймын,айнаға қараймын. Күнде кешке шашты тарау абзал, өйткені, басымыздағы қан айналым жақсарып, ұйқыға дайындалады.


3. Тырнақты күту. Аптасына 1 рет тырнағымды алам, әртүрлі түсті тырнақ бояғыштарды пайдаланбаймын.


4. Ауыз қуысын күту. Күнделікті таңертен және кешке тісті тазалау қажет, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызымды шайамын. Жылына 2 рет барып, тіс дәрігеріне көрінемін.


5. Мұрын қуысын таза ұстау. Мұрынымды бөлме температурасындағы суға ас тұзын қосып, таңертен және кешке жуамын. Мұрынмен тыныс алуға дағдыланамын.

6. Киім мен аяқ киімді күту. Киімдерімді, аяқ киімімді ұқыпты ұстаймын. Киімім үнемі таза, үтіктелген.

Осы айтылған гигиеналық талаптар менің денсаулығым үшін қажет. Егер адамдар жеке басының гигиеналық талаптарын сақтамаса, әр түрлі ауруларға ұшырайды. Әр адамның денсаулығы өз қолында.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз