Өлең, жыр, ақындар

Бояулар әлеміндегі жинақшаға көмектесіп, қамқорлық көрсету

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының КМҚК
тәрбиешісі: Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Мақсаты: балаларға сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйрету, бейнелеу өнеріне баулу, түстердің суық, ашық және ашық қанық реңдерді ажырата білуін жетілдіру.

Білімділік міндеттері: түстердің бір-бірімен үйлесімділігі мен талғампаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық міндеттері: танымдық-шығармашылық қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік міндеттері: әсемдікке, қоршаған ортаның сұлулығына деген сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: түс, бояу, өнер.

Блингвалдық компонент: түс - цвет, бояу - краска, өнер - искусство.

Қолданатын құралдар: бөлме, есік, автобус макеті, бояулар, жемістер, жинақша (альбом).

Ұйымдастырушылық оятушылық

Армысың асыл күн!
Армысың асыл жан!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Сәлеметсіздер ме, балалар!

Психологиялық жаттығу.

Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар, бүгін бізде ерекше күн өйткені біз бояулар әлеміне саяхатқа шығамыз. Ал кәнекей, балалар жиналайық «Балқан» атты автобусқа мініп сиқырлы әлемге жетейік. Балалар жол қысқарту үшін автобуста ән салып, тақпақтар айтайық. Міне балалар біздер әп-сәтте көздеген жергеде жеттік. Кәне автобустан түсейік. О-о-о! Зәулім сарай алдымызда тұр ғой, бізді кім қарсы алар екен? Сарайды айналып жүрейік, есікті ашайық. Қызық екен есік жабық қой. Ендеше терезеге барайық.Терезенің алдында жылап жатқан жинақша табылады.

Балалар: жинақша неге жылайсың, не болды?

Жинақша: менің парақтарымдағы әр-түрлі әдіспен, түспен салынған суреттерімнің барлығы жоғалып кетті.

Балалар: қамықпа жинақша біз саған көмектесеміз, суреттеріңнің барлығы парақтарыңа қайтып қонатын болады.

Жинақша: алақай, жарайды мен сендерге зәулім сарайды ашып берейін.

(Зәулім сарайдың есігі ашылғанда балалар таң қаларлықтай сезімде болады, қатарынан тізілген әсем бөлмелердің есіктері тұр, сонда

жинақша әр есіктің өз ерекшеліктері бар деді).

Жинақша: әр бөлменің есіктерінің тапсырмалары бар, соны орындаған да барып есіктер ашылады. Бірінші бөлменің көк есігінің тапсырмасы жұмбақ шешу.

Қосылғанда қос шеңбер,
Қыруар қыруар іс өнер.  
   (Қол)

Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей алмайды,
Салған ізі сөйлейді. 
       (Қарандаш)

(Балалар жұмбақтарды шешуін табады)

Жинақша: балалар жұмбақтың шешуін таптыңдар есік ашылды, меніңде алақай бірінші беттегі суреттерім пайда болды. Бөлмеге кіріңдер.

Балалар: жинақша сенің бірінші парағында көктем мезгілінің көк, көгілдір түстермен бейнеленген көркем сурет мына бөлменің көктем мерзімінің үлгісімен терең байланыста екен (көктем мерзімі туралы әңгімелесу).

Жинақша: енді екінші бөлменің жасыл есігінің тапсырмасы түстерге байланысты тақпақтар айту керек.

Балалар:

Қызыл түспен ойнасақ,
Сары ренжіп қалады.
Көкпен аспан таласса,
Жасыл жерде таласпас.

Алуан-түрлі бояулар,
Жер бетінде болады.
Сурет салып таңдантып,
Әсемдікті береді.

(Балалар тақпақтар айтып береді)

Жинақша: бәрекелді бөлменің есігі ашылды, менің екінші беттегі суреттерім пайда болды ғой. Кәнекей бөлмені тамашалаңдар.

Балалар: жинақша сенің екінші парағыңда ненің суреті еді?

Жинақша: жайқалған жасыл желек даланың бейнесі қайтып келді.

Балалар: бөлме жаз мезгілінің үлгісінде безендірілген, жасыл көгалда асыр салып ойнайық.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.

Жинақша: келесі бөлменің есігі сары түсті оның тапсырмасы түстердің түрлері туралы сауалдарға жауап беруді сұрайды.

Балалар: кейбір түстер бізге жарқыраған күнді, алаулаған отты, жаздың жадыраған күнін елестеді. Бұл түстерді көргенде жылуды сезінеміз. Мұндай түстерді жылы түстер деп айтамыз. Кейбір түстер бізге ызғарлы қысты, омбы қарды, ымырт шақ пен таңғы салқынды, мұздай суық суды еске түсіреді. Мұндай түстерді суық түстер деп айтады.

Жинақша: әрине дұрыс жауап берілді менің келесі парағымның суреттері орындарына қайтып оралды. Рахмет сендерге енді бөлмеге кіріп қызықты барлығымыз жалғастырайық. Менің парағымдағы көктем мен жаз мезгілдерін ескере отырып, натюрморт құрастырайық.

(Балалар бояулармен натюрморт құрастырады, ұжымдық жұмыс іс- әрекеті ұйымдастырылады (көктемдегі алма ағашының гүлі мен

жаздағы қызыл алманың бейнесін біріктіру)

Жинақша: барлығы дұрыс мен сендерге күзгі бақтың жемістерінен тартулар ұсынғым келіп тұр (алма,тәттілер т.б. таратылады).

Балалар: біз сенің парақтарыңның суреттерін қайтып оралуына, ал сен біздің бояулар әлеміне жасаған саяхатымыздың сәтті, қызықты өтуіне және саған көмектескенімізге өте қуанып тұрмыз, сау бол!

Жинақша: балалар, көмектерің мен қамқорлықтарыңа мың алғыс!  Сау болыңдар!

(Балалар «Балқан» автобусына мініп балабақшаға қайтып оралады, әрине жолда не көргендері және не жасағандары жайлы айтып қорытындылайды)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз