Эссе және өлең-жыр байқауы

Жайдары жаз қандай!

Кулбаракова Роза Онгалиевна
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы МКҚК "Ақшағала балабақшасы"  

Cабақтын тақырыбы: Жайдары жаз қандай!

Сабақтың мақсаты: Балаларға жаз айларының атауын атап және олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Жаздағы әсем табиғат өзгерістерін бақылап, жаздың байлығын, сұлулығын сезіне білуге баулу.

Шаттық шеңбері

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман-есен болайық!

Бейбітшілік қалайық!

 - Балалар, қәне бір сәт өзімізді далада, таза  ауамен тыныстап тұрғандай елестетіп көрейікші 

 - Айнала қандай?

 - Дала  қандай?

 - Ауа қандай?

 - Терезеге не түсіп тұр?

Жаз мезгілінде балалар қандай ерекшеліктер болады?

- Күн ыссы, күн ұзақ, түн қысқа болады.

- Балалар қане кім жаз туралы тақпақ біледі?

Ақлима:  

Жаз келіпті дегенше

Алма пісті дегейсің

Бақшамызда ендеше

Алма теру көбейсін.

Марғұлан:

Қойны толы жеміске

Көк майсалы еңіске

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Толғанай:

Жайдары жаз, көңілді жаз

Шат-шадыман балалар мәз

Қуанатын үлкендер де

Ұшып келді аққу қаз.

Осы кезде есік қағылады.

- Бұл кім?                 

- Көбелек

Сәлеметсіздер ме, балалар.

- Сәлеметсіз бе, көбелек. Қош келдіңіз.

- Мен сендердің сөздеріңді естіп келіп тұрмын.

- Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын: Құлпынай теру

- Балалар, енді маған ән шырқап беріңдерші?

«Қошақаным» әні орындалады.

Көбелек:

- Мен кетейін, сендер, өте өнерлі бала екенсіңдер!

Сау болыңдар!

Қорытындылау:

Балаларды мақтап, мадақтау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз