Эссе және өлең-жыр байқауы

Алғашқы ұстаз – ата–ана!

   Ақтөбе қаласы,  №51 гимназия

   Кульмуратова Гульдана Аманалиевна

   Сабақтың тақырыбы:

«Алғашқы ұстаз – ата–ана!»  (ата-аналарға арналған коучинг).

   Жалпы мақсаты:

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру

   Оқу нәтижелері:

- Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің  мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсінеді, бір-біріне деген сезім нығайады;

  Негізгі идеялар:

   Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы

   Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

І.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»

Ата - аналар дөңгелене тұрады.

Мұғалім сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді

 1. Балаңыздың туған күні қашан?

 2. Сынып жетекшісінің аты-жөні кім?

 3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

 4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

 5. Балаңыздың сүйікті асы не?

 6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

 8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

 9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

1 0. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

ІІ.Топқа бөлу

(геометриялық фигураларды таңдау ұсынылады)

Мағынаны тану

ІІІ. Топтық жұмыс «Ротация» әдісі

Проблемалық сұрақтарды талдау.

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделікүшті деп ұғасыз?

3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

 (Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі  түс маркерімен  постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді.).

Ой толғаныс

Келесі кезекте «Ақ және қара жәшік» ойыны ойнатылып, «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...». Бойындағы балаға бергісі келетін жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке, жаман қасиеттерін -қара жәшікке салды.

Кері байланыс

 

 «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі сіздің қолымызда!»

Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру(пікірлер, ұсыныстар)

-Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыс маңызды және қызықты болды.

-Сұқ саусақ - осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым.

-Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)...

-Шылдырлы саусақ - менің психологиялық ортаны бағалауым.

-Кішкене саусақ - мен үшін жеткіліксіз  болды...

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...