Өлең, жыр, ақындар

Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Джумагазиева Жадырасын Нуровна

 

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері

3. Монтессоридің «еркін  тәрбиелеу» педагогикасы

4. Күтілетін нәтиже

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Бала дүниеге келгеннен бастап  өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау.

                                                                                                                                                                                     М.Монтессори

 

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру реформасының негізгі мақсаты – баланың жеке басын үйлесімді дамыту, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерін қанағаттандыру мен баланың жеке басының құндылықтарын дамыта отырып оқытуға көшу болып табылады.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету де соншалықты орын алады. Қоғамда қабылданған адам құқығы мен еркіндігі жүйесіндегі ең маңыздысы – білім алу. Дене мүшелерінің немесе ойлау қабілетінің жетіспеушілігіне байланысты баланы бұл құқықтан айыруға жол берілмейді. Барша баланың білім алу құқығы халықаралық құжаттармен бекітілген және Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көрініс тауып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.

Осыған орай, Қарақия ауданы Құрық аулындағы МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 2014 жылы маусым айынан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды түзету мен дамыту үдерістерін іске асыру мақсатында Монтессори тобы ашылды. Балабақшадан екі тәрбиеші Ж.Джумагазиева және Р.Медетова Алматы қаласындағы «Монтессори класс» оқыту орталығына Орталық Еуразия қорының қолдауымен және ТОО «ERSAI» компаниясының қаржылай көмегімен оқуға барып, өз біліктілігімізді көтеріп келдік. Монтессори технологиясы тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, сонымен қатар толыққанды балаларды да тәрбиелеуге болады. Ұсынылып отырған Монтессори технологиясы баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, балаларды жан – жақты дамытуға, олардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Қазіргі кезде Монтессори технологиясын дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданылады.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан – ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды.

Университеттің емханасынада ақыл – ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сойлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның  тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.1909 жылдан бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы «Монтессори әдісі» атты кітап жарық корді. 1929 жылы М.Монтессори қазіргі кезде де жасап жатқан халықаралық  Монтессори Ассоцасиясының негізі салынды. Италиядан Фашистік тәртіп кезінде елден кетеді, 76 жачында қайта оралып, көптеген еңбектерін шығарады. 1950 жылы Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрмет дәрежесі беріледі.Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сойлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы,оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай – ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады.  Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.  Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.  Монтессори әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз. 

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан – ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқанмына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес балалар материалдармен өздері қалағанынша ұзақ уақыт жұмыс жасай алады. Жұмыс материалдарын да, сабақ уақытының ұзақтығын да өздері таңдайды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретін де емес, балалар сынамалар мен қателіктер арқылы проблемаларды шешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретін де елестетіңіз.

Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған . Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан  баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысындаләззат алу  адамзат табиғатына тән. «Өзін – өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 1 жыл болды. Осы бір жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз – өзіне еңбек ету, бір – бірімен қарым – қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т.б қарым – қатынастарда жақсы нәтиже беруде.

Монтессори технологиясының мақсаты:

Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.

Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.

Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.

Монтессори педагогтың міндеті:

Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.

Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.

Ұсақ моториканы дамыту.

Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.

Зейінін тұрақтандыру.

Тәртіпке үйрету.

Негізгі сабақ түрлері:

Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.

Топтық сабақ

Жаңа ұғымдар туралы сабақ.

Монтессори әдістемесінің принциптері:

Автор баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдыменмыналар қажет деді:

  1. Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;
  2. Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
  3. Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.

Монтессори педагогикасының негізгі принципі:

Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.

«Маған өзім істеуге көмектес».Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.

Монтессори сатылары:

  1. Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.
  2. I cаты – білім алу сатысы. Бұл  жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.
  3. cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы  I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
  4. cаты –  тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді

Монтессори 5 аймақтан тұрады:

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы .

2. Сенсорика аймағы .

3. Математика аймағы .

4. Тіл аймағы

5. Ғарыш аймағы.

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:

Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің      мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға,

төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді.

2. Сенсорика аймағы:

Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.

3. Математика аймағы:

Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

4. Тіл аймағы:

Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды  өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта  жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.

5. Ғарыш аймағы:

Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.

Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори – материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.

Монтессори тобындағы шеңбер.

Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер болып табылады. “Шеңбер дегеніміз не?”- деген сұрақ Монтессори сабағына келген

барша ата- ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори педагогтарының бірі оны “ атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі- ол әлемнің қай  мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір - түкпіріндегі кез - келген  Монтессори кабинеттен эллипс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір – бірімен қарым – қатынасқа түседі,  яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3жастан 6жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас  ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады. Мысалы, 3 жастан 6жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген  жаңа ұғымдармен танысады. Бір –бірінің алдында өз ойларымен бөліседі, бірін- бірі тыңдауға дағдыланады.Монтессори тобындағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасынан күнде бір бала кезекші  болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар талқыланып болғанда  тыныштық уақыты  өткізіледі, осылайша бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс  соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана  отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Монтессоридің «еркін  тәрбиелеу» педагогикасы

Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессори алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кіщкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей – ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі – әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі.

Күтілетін нәтиже

Қазіргі таңда мен  осы технология бойынша жұмыс жасап жатырмын.

Осы жұмысымның арқасында балаларым жақсы нәтиже беруде, оқу іс–әрекеттеріне белсене қатысып, қызығушылықтары қалыптасып, білуге деген ынта – жігері күн санап арта түсті. Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша  Аудандық семинар практикум өткізіп, Монтессори технологиясы бойынша «Табиғатты аялайық» тақырыбында ашық оқу іс – әрекетін өткіздім. Осы тынымсыз еңбегімнің нәтижесінде Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша «Лучший Монтессори педагог» грамотасымен марапатталдым. Аудандық педагогикалық оқулар байқауында бас жүлдеге ие болдым. Монтессори технологиясы өзіме қатты ұнайды, жаныма жақын. Балаларды тәрбиелеудің қыр – сырын меңгеруге көп көмегі тиді. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 1 жыл болды. Осы бір жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз – өзіне еңбек ету, бір – бірімен қарым – қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т.б қарым – қатынастарда жақсы нәтиже беруде.

М.Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

Қорытынды

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған . Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан  баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз.

Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысында ләззат алу  адамзат табиғатына тән. «Өзін – өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Қорытындылай келе,  бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен мен үш нәрседенқорқамын:
1. «Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан.              
2. Немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеде. 
3 .Өз тілін құрметтемеген адамнан» деген екен. Міне, балаға отбасы және балабақша тәрбиесінің маңызы өте зор. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.  Баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу. Алдағы уақытта да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып тәрбиелеуіміз керек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу – тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық» Ж.Мақатова, Б.Иманбекова, Қ.Қалдарова, Л.Корнекова. Алматы, 2013 жыл.

2. «Монтессори -  терапия және Монтессори  - педагогика оңалту саласында» Астана – 2012 жыл.

3. Интернет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар