Эссе және өлең-жыр байқауы

Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»

Сабақтың тақырыбы:Ж.Кәрбозин «Жиырма тиын»

Пән мұғалімі  Искайрова Ұлжан Кадировна       2 класс

Мақсаты:

 Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.Мәтіннің негізгі ойын ұғындыру , өз бетінше білім алуға жетелеу.

Міндеттері:

1.Топтық жұмыс жүргізу арқылы мәтіннің мағынасын ашу , шығармашылық тапсырмалар орындату.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Сөздік қорын ,сөз байлығын молайту, сыни ойлау дағдысын дамыту.
3. Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға , жомарттыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Автор туралы мәлімет алады, мәтіннің мазмұнын  меңгереді, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың типі:

Аралас

Жұмыс формалары:

Жеке, жұптық, топтық

Әдістері:

Сұрақ жауап, түртіп алу, ой қозғау, таңда да таста, әткеншек.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын  сабаққа аудару

 

 

Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу

”Ортақ тұжырым” тәсілі арқылы арқылы  «Кім жомарт? Не жомарт?» мәтінін топта қорыту.

Жақсылық туралы бейнематериал көрсету.

Үйге берілген тапсырманы талдайды

 

Мағынаны тану

Бүгін біз не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар?

Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.

 

Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз.Егемендік алғаннан соң 1993жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
 

Жәнібек Кәрбозин өмірі.Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.’’Кербақбай’’, ‘’Қолғанат”, “ Қарабек пен қарақшы” т.б.балаларға арналған пьесалар жазды.Оның балаларға арналаған “Бәйшешек”, ”Менің шеберханам”, ”Ысқырық”, ”Біздің Бекен қайда екен?”, ”Біздің ауыл балалары” сияқты өлең жинақтары бар.
 Мәтінмен жұмыс:

А) «Үш қадамды сұхбат» әдісі

Мәтін үш бөлікке бөлінеді . Бірінші бөлікті балалар оқиды . Жұптағы 1- оқушы  2- оқушыға оқығаны бойынша сұрақ қойып, жауап алады. Бөлімге ат қояды.
Екінші бөлікті балалар оқиды . Жұптағы 2- оқушы  1- оқушыға оқығаны бойынша сұрақ қойып, жауап алады. Бөлімге ат қояды.

Үшінші бөлікті балалар оқиды . Оқығаны бойынша  мұғалімге сұрақ қойып, жауап алады. Бөлімге ат қояды. Ә)  Сөздік жұмыс:
милығына – маңдайынан төмен

Жаңа сабаққа байланысты тапсырманы орындау:

«Әткеншек әдісі»

1-топ : Алтайға мінездеме

2-топ   Асанның әрекеті туралы пікіріңіз

3-топ  Апасы Алтайға неге риза болды?

4-топ  Алтай апасына қалай көмектеседі екен ?

5-топ  Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Сергіту сәті

«Таңда да таста» әдісі

Сен қандай жақсылық жасар едің? Деген сұраққа жауап жазады да оны мыжиды. Шеңбер бойына жиналып қағаздарын бір біріне лақтырады. Сонан сқң алдына түскен жауапты оқиды. Ол жауапты не таңдайды , не тастайды.

Топпен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты меңгереді

 

Оқу

лық

Ой толғаныс

1-топ Асанға хат жаз (тірек сөздер беріледі)

2-топ Жақсылық тақырыбына бес жолды өлең құра

3-топ  Мақалдарды аяқта :

- Дұшпан күлдіріп айтады,

- Жүз сом ақшаң болғанша

 

4-топ   Жақсы  адам қандай болады ? (топтастыру)

5-топ  Ақша адамға қалай келеді? (эссе)

(«Автор орындығы» әдісі бойынша сұралады.)

Жеке

жұмыс  жасайды

 

Рефлексия

Қолдарындағы тиындарын қалаған әмиянға салады ( Мен бүгінгі сабақты .... меңгердім. ) «Өте жақсы » , «Жақсы» , «Орташа»

Ол ақшаны қайда жұмсауға болады ?

 

 

Үйге тапсырма

Түсініп оқу, мазмұндау.  «Менің жасаған жақсылықтарым» тақырыбына эссе жазу.

 

 

Бағалау

Түсіндіре отырып бағалау

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...