Өлең, жыр, ақындар

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең елді мекені
№82 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Дүйсенғалиева Назгүл

 

Сыныбы: 7

Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Мақсаты: Оқушыларға Тәуке ханның билердің көмегімен хан билігін нығағайтуы мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдары анықтайтын «Жеті жарғы» туралы түсінік беру.

а) білімділігі: Балалардың білімдерін арттыру.

ә) дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін дамыту, өздігінен іздене білулеріне бағыт беру.

б) тәрбиелілігі: Тәуке хан мен ұлы билер атқарған ұлағатты істерді талдай отырып қазақ хандығын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлғаларға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгімеселу, талдау, топтастыру, Венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, «Жеті Жарғы», Үш бидің портреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныппен амандасу, түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Кім жылдам?»

1) Нешінші ғасырда қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр болды?                    XVII ғасыр.

2) XVII ғасырда қай хандықтың тұсында өзара келісім жасасып, соғысты тоқтатып, сауда-саттықты дамыту жолдындағы іс-әрекетіне кейбір хандарға бағынғысы келмеген сұлтандар қарсы шықты?  Өзбек хандығы, қазақ хандығы.

3) Нешінші ғасырда қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты ішкі бытыраңқылық шамадан тыс күшейді?        XVII ғ.

4) Қазақтың хан тағына нешінші жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды?        1628-1652 ж.

5) Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін кім деп атаған?  Салқам Жәңгір.

6) 1643 жылы Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның қанша сарбазы болған?          600 сарбаз

7) Жәңгір ханға Самарханнан көмекке келген батыр?                                       Жалаңтөс батыр.

8) Жалаңтөс батыр әскерлерінің саны қанша?                                                            50 мың.

9) Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса көктеп кіріп қандай қалаларды басып алды.  Атаңдар:    Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент, т.б.

10) Жоңғар әскерлерінің саны?                    20 мың.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ.

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.

І. Ой қозғау.

Топтастыру.

Тәуке болып ханымыз,

Рахат тауып жанымыз.

Он сан алаш бірігіп,

Ойран болды жеріміз.                                    (Халық өлеңі)

Тәуке хан туралы не біліміз?

ІІ. Мағынаны тану.                                             (Мәтінмен жұмыс)

 

Топтық тапсырма.

1-топ. Тәукенің хан тағына отыруы.

2-топ.  Тәукенің «Жеті Жарғысы».

3-топ.  Тәуке хан кезіндегі Ұлы билер хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.

Сергіту сәті.

«Ғажайып 7 санының сыры»

7  қазына,  7 ата,    7 жетім,    7 жұт,   7 ғашық, т.б.

«Би» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Би – елші, мәмілегер, заңгер, психолог, ақын, шешен, тәрбиелі, ойшыл, саясаткер, қоғам қайраткері, батыр, актер, ұлт ұстазы.

Билер – дау-жанжалдардың әділ шешімін тауып отырады. Қазіргі сот қызметін атқарады.

ІІІ. Ой толғанысы.

1-топ.  Бес жолды өлең.

2-топ.  «Егер мен хан болсам» эссе.

3-топ.  Ұлы билер өміріне саяхат. Шығармашылық тапсырма.

IV. Бекіту  сұрақтары.

1) Тәуке хан кімнің немересі?                                           
2) Тәуке хан қай жылдары билік құрды?
3) «Билер кеңесі» қай жерлерде өтті?                             
4) Тәуке ханның басты мақсаты қандай?              
5) Тәуке хан қай жылдары билік құрған жылдары тарихта қандай атпен қалды
6) 1694 жылы Тәуке хан І Петрға елшілікке кімді жіберді?
7) «Жеті Жарғы» заңдар жинағы қанша ережеден тұрады?
8) Қарақалпақ пен қырғыздарды басқарауды қай билерге тапсырды?
9) Билердің өмір сүрген жылдары. (Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің)
10) Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы?      

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз