Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Жамбыл облысы Байзақ ауданы
М.Мәметова атындағы негізгі мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Куандыкова Алия Муханкызы

САБАҚ:  Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Мектеп: М.Мәметова атындағы нагізгі мектеп

Күні: 04.10.2016

Мұғалімнің есімі:  Куандыкова Алия Муханкызы

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны: 10 

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары)

Ақын туралы білгенін тереңдете отырып, өлең мазмұнын аша білуге, түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйренеді, тапсырманы топпен орындауға дағдыланады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 

Ақын туралы мағлұматты біледі, өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын баяндайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыбын және идеясын анықтайды, өлең туралы өз көзқарасын білдіреді.

Кейбір оқушылар:

Адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы эссе жазады, өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Ақын өлеңін мәнерлеп оқып, тақырыбы мен идеясын анықтап, өлеңге сатылай кешенді талдау жасай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қансонар, бүркітші, түлкі,  томаға, қанды көз, қыран.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

«Үйірімен үш тоғыз»

Талқылауға арналған тармақтар:

Ақын өлеңдерінің ерекшелігі мен айырмашылығын табады, тақырыбы мен идеясын анықтайды,эссе жазады, сатылай кешенді талдау жасай алады.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Адам мен табиғат арасындағы байланыс қандай деп ойлайсың?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасап, эссе жазады, сол бонша ұсыныстар жазу

Алдыңғы оқу

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелері жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1 минут

 

Психологиялық дайындық:

Оқушылардың назарын сабақ барсына аудару, дайындағын бақылау

 

                2 минут

2.Топқа бөлу:

Стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөліп алу

Түрлі- түсті стикерлер

4 минут

 

  1. Миға шабуыл:

«Мені қоршаған сұрақтар» әдісі1.Абай туралы не білесіздер?

2.Қандай өлеңдерін білесіз?

4. Білетін өлеңнен бір шумақ айтып беріңіз.

3. Бүркітші деген кім?

4. Саятшылық салты деген не?

 

5 минут

  1. Топпен жұмыс.

1-тапсырма

 Екі топқа бірдей «Аңға шыққанда » суреті беріледі. Осы сурет  бойынша оқушылар өзара талдау жасап, сабақтың тақырыбын ашады.

Сурет

 

 

Ортасы: 3 минут

 

  1. Топтық жұмыс.

2-тапсырма

Жигсо әдісін қолданамын. Оқушыларға Абайдың өмірі жайлы мағлұматтарды бөліп оқыту. Оқыған үзіндісі бойынша ой бөліседі.

 

 

 

Абайдың өмірі туралы мәлімет парқтары.

 

4 минут

  1. Жеке  жұмыс
    1. Оқулықпен жұмыс

Екі топтан екі оқушы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқиды.

 

 

 

Оқулық

 

 

  1. минут

 

 

 

 

  1. Топтық жұмыс.

4-тапсырма

Ойлан, бірік, бөліс. Әр топтан бір бір сарапшы дайындап алу ұсынылады. Өлең мазмұны туралы топта бірінші жеке ойланып сұрақтар жазады.

Бірігіп, яғни жұптасып жазады, содан кейін топ мүшелері бірігіп талқылайды.Осыдан кейін барып сол дайындаған үздік сұрақтарын келесі топқа қояды. Келесі топ сұрақтарға жауап береді.Сарапшылар сұрақ-жаупаты тыңдап болған соң ең жақсы сұрақты, және ең жақсы сұрақтарға жауап берген адамды анықтап айтады

Қосымша ақпарат

Оқушыларды орындарына отырғызу

 

 

Оқулық

1 минут

Сергіту сәті.

Сергіту сәті

Берілген «Аңшының қимылдары» водеофайлдағы сергіту қимылдарын қайталап сергіту сәтін өткізу

АКТ

 

 

 

 

 

 

8  минут

  1. Эссе жазу

«Менің қиялымдағы ақын Абай»,

«Саятшылық салты» тақырыптарын ұсынып эссе жаздыру. Эссені оқып өз-өзін бағалауға ұсыныс беру.(Алдын ала табыс критерийлерін белгілеу:а) ойдың нақтылығы; ә) сөйлемдердің қисындылығы;б) сөйлемдерде балама сөздердің пайдаланылуы

 

 

Дәптер,

қаламсап

 

 

 

 

Аяқталуы

 

4   минут

  1. Сабақты бекіту

Жеке жұмыс.

Оқушыларға сұрақтар қойып сбақты бекту

  1. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге кеген?
  2. Абайдың шын есемі кім және оны Абай деп атап кеткен кім?
  3. Абайдың бойында қандай қасиеттер анық байқалады?
  4. «Қансонар» дегеніміз не? Неге саятшылар аңға қансонарда шыққан?
  5. Өлең неше шумақты, неше тармақты, неше бунақты және неше буынды.

 

 

«Қазақ әдебиетінің тарихы»

ІІІ том

  Аяқталуы

4 минут

Сабақты қорыту.

«Менің бүгінгі  сабақтан алған әсерім» кері байланыс.

Дәптер, қаламсап.

2минут

Үйге тапсырма: Абай Құнанбаев туралы мағлұматтарды толықтыра түсу. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқу, құрылымдық талау жасау.

Бағалау:  Оқушылар «2 жұлдыз, бір тілек» парақшасын толтырады

А4 парағы, маркер

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді  2 жұлдыз бір тілек әдісі арқылы оқушыларды формативті бағалау жасау

 

 

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіз және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

1. Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?
2.Бүгін оқушылар не білді?
3.Сыныптағы ахуал  қандай болды?
4.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды  ма?
5.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
6.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаттарына жетті, мақсат қолжетімді. Оқушылар топта жұмыс жасауды үйренді, берілген материалға қатысты өз пікірін білдіруді үйренді. Сынып сабаққа белсенді атсалысты. Сабақ барысында уақыт тиімді пайдаланылды.

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Топтық жұмыс

2.Шығарманы кешенді талдау, эссе жазу

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?

1.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

2.Бағалау кезінде қолданылған әдіс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?

1.Дарынды оқушыларға қосымша тапсырма беру

2.Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз