Өлең, жыр, ақындар

Тәрбие бастауы - отбасында!

Алтын Сарсенбаева
Сынып сағатының тақырыбы:
«Тәрбие бастауы - отбасында!»

Сынып сағатының мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну.
Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Тақырыппен таныстыру
Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы. 2. Топқа бөлу «АНА» , «ӘКЕ»
Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтады.
3. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз (хормен).


4.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа келіп отырған отбасымызды таныстырайын. Бала таныстыруды айтады.
Таныстырылым. «Әке көрген от жонар, шеше көрген тон пішер!» Ата-әже туралы.
5.Оқушылардың көрінісін тамашалаңыз. Ситуациялық көрініс.
Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.
-Кейін алып берермін
-Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.
Сұлтаналы отбасына сұрақ:
Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?
6.Оқушылар постар қорғайды «ӘКЕ» , «АНА»
7.Үлгілі отбасының арнауы «Ата-әже, әке-шеше» туралы ән орындайды.
8. Қортыныды:
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.
Әлем өзгеруде. Мысалы: Жапонияда ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болып, әр сабағына қатыса отырып, демалыстарда да «ашық есік» күнін өткізеді екен. Біздер де үнемі осылайша мектеппен байланыста болып, өзгеруге, дамуға әзір боламыз деп ойлаймын.

2013-2014 оқу жылы
Дастарқанның басында
Әдептен біз озбаймыз:
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.

Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз,күлмейміз,
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз!

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.

Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!



Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!

Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!

Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз