Өлең, жыр, ақындар

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Алматы қаласы
№42 жалпы білім беретін мектептің
география пәні мұғалімі
Жеңісқызы Айман

Тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Мақсаты:

Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Болжамдап отырған нәтиже: Атмосфераның құрамы, құрылысымен танысқан тұлға

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 

1. Сұрақ-жауап.         
2. Әңгіме-дәріс.                       
3. Картамен жұмыс.
4. Дәптермен жұмыс  
5. Кестемен жұмыс    
6. Синквейн әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, жарты шарлар картасы, глобус, Қазақстанның физикалық картасы, стикер, «идеялар корзинасы», презентациялар, интерактивті тақта.

Қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану.

Сабақтың жоспары:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Миға шабуыл

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Үй тапсырмасын топқа бөле отырып тексеру).

1. Сұрақ-жауап.
2. Картамен жұмыс

ІІІ. Сергіту сәті

IV. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.
2. Дәптермен жұмыс.
3. Жұмбақ шешу

V. Жаңа сабақты бекіту.

1. Топтық жұмыс -кесте толтыру
2. Топтық жұмыс - Синквейн әдісі

VI. Рефлексия

VII. Бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
2. Миға шабуыл
Жерде неше географиялық қабық бар. Біз үлкен екі географиялық қабықтарды оқып бітірдік. Ол қандай қабықтар? Дұрыс литосфера және гидросфера. Олар қандай қабықтар? Ия, литосфера – жер қабығы, гидросфера – су қабығы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (18 мин)

Үй тапсырмасын топқа бөле отырып тексеру.

Мұғалім 4 түсті қағаздан жасалған қайықтарды оқушыларға таңдатады. Кімдерге бір түсті қайық түссе, демек сол оқушылар бір топта болады деген сөз.

1. Сұрақ-жауап.
Мұғалім әр топқа 5 сұрақтан қояды.

1 – топ:

1. Дүниежүзінде неше мұхит бар және оларды ата?
2. Өзен дегеніміз не?
3. Дүниежүзілік мұхит суының орташа температурасы қанша?
4. Цунами дегеніміз не және ол ненің әсерінен болады?
5. Мұхит түбінде жер бедерінің қандай түрлері бар?

2 – топ:

1. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата?
2. Көл дегеніміз не?
3. Судың үш күйін ата?
4. Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы қанша?
5. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс

3 – топ:

1. Дүниежүзін ең алғаш айналып шыққан саяхатшы және оның саяхатының нәтижесінде не анықталды?
2. Шығанақ дегеніміз не?
3. Судың тұздылығын қандай көрсеткішпен көрсетеді?
4. Дүниежүзілік мұхит суының температурасы неге байланысты өзгереді?
5. 4 мұхиттың ең терең шұңғымаларын ата?

4 – топ:

1. Эхолот дегеніміз не?
2. Бұғаз дегеніміз не?
3. Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері?
4. Әлемдегі ең суық қуатты ағыс?
5. Дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не?

2. Картамен жұмыс.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап бере отырып, аталған географиялық нысанды картадан көрсетеді. Әр топқа үш сұрақтан қойылады.

1 – топ:

1. Әлемдегі ең үлкен мұхит?
2. Әлемдегі ең биік сарқырама?
3. Қазақстанның ең ірі өзені?

2– топ:

1. Әлемдегі ең үлкен көл?
2. Әлемдегі ең тұзды теңіз?
3. Ең ірі мұхит асты жотасы?

3 – топ:

1. Әлемдегі ең терең көл?
2. Әлемдегі ең ұзын өзен?
3. Қазақстанның ең тұзды теңізі?

4– топ:

1. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен
2. Әлемдегі ең лас теңіз?
3. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма?

III. Сергіту сәті. «Әлемге саяхат».(3 мин)

Балалар, міне біз бүгін гидросфера тарауынан алған білімімізді қорытындыладық. Енді біз әлемдегі түрлі көлдерді, өзендерді, теңіздерді, жер  асты суларын, мұздықтарды, мұхиттарды білеміз. Қазір сендердің қолдарында бір – бір қайықтан бар. Егер барлығың қайықтарыңды біріктіріп  үлкен бір кеме деп алатын болсақ, сендер топ болып, үлкен кемемен саяхатшы ретінде қай жерлерге жүзіп баратын едіңдер, не болмаса қай саяхатшының жүріп өткен жолымен жүріп өтер едіңдер.

Әр топ жеке өз ойларын, пікірлерін айтады.

VІ. Жаңа сабақ. (12 мин)

1. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.Ауа дегеніміз әртүрлі газдардың қосындысы.Олардың ішіндегі ең көбі азот (N)-78%.Оттегі(О)-21% құрайды.Ауада азот көп болғанымен,тіршілік үшін ең маңыздысы-оттегі.Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол–кез келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат.

Ауа –тіршілік көзі.”Ауа-өмір тынысы” деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса,өмір де тоқтайды.Ең қымбат,қасиетті нәрсені “ауадай қажет” деп,ауаны ерекше бағалаймыз. «Ауаны қылышпен кеспе» деген ырым бар. Тіршіліктің төрт тірегі қастерлеу халық салты, өмір заңы. Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байлынысты. Ауа болмаса жер бетін айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып жатыр еді.

Адамның шаруашылық әрекетінің дамуына байланысты отын көп жағылатындықтан, ауа барған сайын ластанып, ондағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері артуда. Ауаны табиғттағы апатты құбылыстар,  өрт, машина,зауыт,фабрикадан,т.б шыққан түтіндер ластайды. Ауаны тазарту үшін елді мекендерді көгалдандыру және ірі кәсіпорындарда тұтқыштар орнату қажет.
Атмосферадағы түрлі құбылыс,өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар.Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспаптар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады.

Ауаның қасиеттері

1. Көзге көрінбейді
2. Түссіз
3. Дәмсіз
4. Иіссіз
5. Жылуды сақтайды және т.б.

2. Топтастыру

Топтастыру арқылы атмосфераның құрамын түсіндіру.

Атмосфера құрамында 78% -азот, 21%-оттегі, 1% -түрлі газдар бар.

 

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы атмосфера қабаттарын түсіндіру.

4. Жұмбақ шешу.

Ол бар жерде бар ма, жоқ па,білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.  (Ауа)

Қоя алмайсың байлап, табаны тым тайғақ  (Мұз)

Мөлдіреген жүзімді
Қозғап едім үзілді    (Шық)

Шашылды жерге ақ моншақ
Жоғалды бірден тапқанша ақ     (Бұршақ)

Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап    (Аяз)

Желіні толы сүт
Жерге тамса құт     (Бұлт, жауын)

V. Жаңа сабақты бекіту. (5 мин)

1. Әр топқа «сиқырлы сандық» тапсырмасы таратылады. Топ мүшелері әр сөйлемге сәйкестігінше «ия», «жоқ» деп жауап береді.

1. Сиқырлы сандық «иә», «жоқ»

Мазмұны

Иә

Жоқ

Ауа кез-келген жерде болады

 +

 

Атмосфера басқа ғаламшарларда да кездеседі

 +

 

Жануарлароттегібөледі

 

 -

Жербетінде бар тіршілік тропосфера қабатында

 +

 

Өсімдіктер оттегімен тыныс алады

 

-

Тропосферада бұлтжауын, шашын болмайды

 

 -

Ауа құрамында азот, оттегі, тағыбасқагаздар бар

 +

 

Атмосфера құрамында ең көп азот кездеседі

+

 

2. 4 топқа «Ауа» сөзіне синквейн құру
1. Ауа
2. Мөлдір, түссіз
3. Өзгереді, ластанады, көрінбейді
4. Таза ауа денсаулыққа пайдалы
5. Атмосфера

VI. Рефлексия (2 мин)

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

Әр оқушы бүгінгі сабақтан алған білімін, пікірін, ұсынысын жазып «идеялар корзинасына» жабыстырады.

VII. Бағалау. (2 мин)

Оқушының аты–жөні

Өткен сабақ

Жаңа сабақ

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Үйге тапсырма беру. (1 мин)

Үйге:  §26 Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Жұмыс дәптерін толтыру.

«Ауа – тіршілік тынысы» тақырыбында эссе жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз