Өлең, жыр, ақындар

Табиғатты аялайық!

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі: Шыршықбаева Гулмира Елтаевна

Мақсаты: Балалардың «Табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Табиғатқа деген қарым-қатынасын дамыту, оны сүюге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Тақтадан ілулі тұрған суреттен жылдың қай мезгілі екенін көруге болады?
- Жаз мезгілі
- Оны қайдан байқадыңдар?
- Ашық аспан, жердің көк екендігінен
- Ия, оны табиғат дейміз.
- Дұрыс, ендеше менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деп үміттенем.

Тәрбиеші: жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім, кім айтады? Кәнекей ол жерден мен не көрдім.

Жауаптар: - күн, бұлт, жануарлар, жасыл жиек, тас, су.

Табиғаттың қай түрін көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауабы: - Тірі табиғат, өлі табиғат.

Ал балалар табиғат кімнен жылу алады?

Балалар: - Күннен.

Міне балалар біз жылуды ата-анамыздан аламыз. Сондықтан күннің сәулесі әріптермен гүл етіп безендіреміз.

- Ана, ата.

Балалар, бізге қонаққа көбелек келіпті. Көбелек қонағымызға қошемет көрсетіп гүлді алқап жасап берейік. Ал көбелектін сендерден сұрауы бар екен.

- көбелек:

- Балалар сендер табиғатта неге ұқсағыларын келеді.

1) - Мен аққуға ұқсағым келеді, өйткені ол әдемі сұлу құс, аққуды атпайды.
2) - Мен гүлге ұқсап жайнап тұрғым келеді, себебі гүл адамға қуаныш сыйлайды.
3) -  Мен табиғатта бұлбұл сияқты әнші болғым келеді.
4) - Мен күн сияқты адамдарға жарық жылу бергім келеді.
5) -  Мен табиғатта бүркіт құсқа ұқсағым келеді, себебі ол батыл.
6) - Табиғатта мен ағашқа ұқсағым келеді, себебі адамдарға көлеңке береді.
7) - Табиғатта мен қарлығашқа ұқсағым келеді. Себебі адаммен дос.
8)  - Тоқылдаққа ұқсағым келеді, себебі ол орман елшісі.
9)  - Сауысқанға ұқсағым келеді, себебі ол сақ.
10) - Айға ұқсағым келеді, себебі ол айдай сұлу.

Кәне балалар, ендеше көбелек бәріміз шеңберге тұрып табиғат ананы шақырайық. Гүлдердің біреуін таңдап, табиғат жер анамызға өз тілегімізді айтайық.

Табиғат ананың сөзі:

- Армызысыздар адамдар, армысыздар балалар

- Балалар: Сәлеметсізбе жер ана!

   Балалардың тілектері:

- Аспанымыз ашық болсын
- Жеріміз кең болсын
- Суымыз тұнық болсын
- Ауамыз таза болсын!

Қазір балалар ойын ойнап жіберейік.

Қазір мен мына заттарды ортаға қоямын сендер оны әр топқа бөлесіңдер.

1)  Тірі табиғат.
2)  Өлі табиғат.
3)  Аспан денелері.
4)  Үй жануарлары.
5)  Су, тал, ағаштар, балық.
6)  Тас, құм, темір.
7)  Ай, жұлдыз, күн, марс.
8)  Тауық, қой, жылқы, түйе.

Ал балалар, ендеше тағы да бір сұрақ қоямын, ойланып жауап беріңдер?

Тәрбиеші: -Адам. Адам дегеніміз кім ?

Оқушылыар: - Ол тірі табиғат қозгалады жүреді, сөйлейді, еңбек етеді.

Осы табиғаттың ішінде балалар сендер барсыңдар. Адам баласы табиғат перзенті сондықтан табиғатымызды аялауымыз керек.

Табиғат қандай әсем сұлуымыз.

Осындай сұлу дүниені жаратқан

- Табиғат жер ана.

Оған біз басымызды иіп алғысымызды айта отырып өз тарапымыздан қандай пайда келтірілетінімізді айтайық.

1)  Табиғатты қалай қорғаймыз?
2)  Табиғатты сақтап қалу үшін не істейміз?
3)  Табиғатты көріктендіру үшін не істейміз.
4)  Табиғат жайлы мақал айту!
5)  Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
6)  Алтын жерден алынады.
7)  Білім кітаптан алынады.
8)  Гүл жердің көркі.
9)  Жаңбыр жауса жер ырысы!

Сүйейік жер ананы аялайық!
Бізде одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша демалайық.

-    Екпей егін шықпас.
     Оқымай білім жұқпас
-    Жер адамды асырайды
     Ана баласын асырайды.

Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғаумыз керек. Демек табиғатты қорғау - өз отанымызды сақтау деген сөз. Табиғатты қорғайық - деген белгі тапсырылады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз