Өлең, жыр, ақындар

Табиғатқа қамқорлық

Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектеп
Косниязова Толкын Абаевна

Мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері
Шөліркемей гүл тұрсын!
Жерім жайнап құлпырсын!
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі гүл тұрсын!

- Балалар, табиғат дегеніміз не?

 Балалар өз ойларын айтады.

Тыныштық сәті:

- Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқорлап жатқанымызды  сезінейік.

(Осылайша 2 мин. отырады, үнтаспадан табиғат әуені ойналады.)

- Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғатқа қамқорлық жасағанымызды көз алдымызға қалай елестеттік?

- Мен сынып қалған ағашты байлап, оған қамқорлық жасап жатқанымды елестеттім.

- Мен гүлдерге су құйып жатқанымды елестеттім.

Табиғат - адам үшін адам үшін ерекше қасиетті ұғым.

Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан-жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.
Табиғатт – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады.
Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы сұлулықты сезіндіріп, бойыңа күш - қуат қосып, шығармашылыққа жетелейді. Осылайша адам табиғаттың ғажайып күшін түсініп, оны аялап, әлпештеуге үйренеді.
«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» - деп табиғат туралы тақпақтарға кезек берсек.к.

Табиғат туралы тақпақтар:

Табиғатты қорғап біз, аялайық,
Бар жақсыны оған тек аямайық.
Отырғызып ағашты, суарып гүл,
Табиғатты одан әрі жайнатайық.

Табиғатым жайнасын, құрымасын,
Халықты ойландырар іске айналсын.
Бар адам гүл  өсіріп үй маңына,
Табиғат осылай гүл жайнасын.

Табиғаттты қорғайықшы бәріміз,
Табиғат ол біздің ішкі жанымыз.
Қуанар еді, табиғат нұрын шашып
Көмектессек табиғатқа бәріміз.

Табиғатты қорғау жөнінде Қазақстан Республикасы ата-заңының 38-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарына табиғатты сақтау және табиғат байлықтарын қорғауға міндеттілігі айтылған.

Ойын «Табиғатты қорғай білеміз бе?» Сұрақтарға ойланып жауап бер
1. Өте әдемі гүлді көрдің, ол гүл саған қатты ұнады. Сен не істейсің?
Жұлып алып вазаға салып қоямын
Қатты ұнаса да жұлмай, қызықтаймын.

2. Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім
Балаларды балапанды көруге шақырамын.
Балапанды үйге алып барамын.
Сыртынан қызықтаймын.

3. Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше босаған ыдыстар қалып қойды.
Өзімізбен бірге алып келіп қоқысқа тастаймын
Талдың тасасына ешкім көрмейтін жерге тығып қоямын.

Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

Тренинг ойын «Табиғатпен сырласу». Отырған орындығымыз арқылы табиғатқа саяхат жасаймыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Сулар мөп - мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз.
Ол үшін: 
1. Алға иілу 
2. Аламыз 
3. Ішеміз 
4. Рахат - ай.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз. 
1. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі 
2. Алу. 
3. Қырт етіп тістеу.
4. Тәттісін - ай.
Раушан гүліне кездесеміз. 
1. Алға иілу. 
2. Аламыз.
3. Иіскейміз 
4. Қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз.
Балалар бұлақ дегеніміз - денсаулық
Алма - рухани байлық,
Гүл - бақыт құсын сыйлайды.
«Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат», дегендей табиғат таза болса, адамзат баласы да аман болады. Қазіргі кезде техника жақсы дамыған. Оның пайдасы көп болғанымен, зияныды жағы да бар. Сондықтан біз табиғат-ананы барымызша қорғап, қолпаштауға тиіспіз. Ол үшін көктем сайын ағаштар  отырғызып, құстарға ұя жасап. Табиғатпен етене араласуымыз қажет. Көшеде кетіп бара жатқанда, қолымызда керек емес нәрсе болса оны лақтырып тастамай, қоқыс жәшігіне ерінбей апарып салу керек. Табиғатты қорғауды өзіңнің тазалығыңнан бастаған дұрыс. Бұл әрбір адамның міндеті.
- Иә, балалар, біздің жерсіз, табиғатсыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Табиғаттың, жердің суы, ағашы, өзен-көлі, сұлулығы болмаған жерде не болар еді? Ал қазір табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы көріністі тамашалайық.

Көрініс: «Адам-Табиғат пен Жер - Ана перзенті»

Табиғатты ұқсатып мәпелейік,
Барды сақтап мәртебе әперейік
Келер ұрпақ мәз  болсын ісімізге,
Жалғастырсын күш қосып күшімізге,
Табиғатты қорғайық, аянбайық!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер