Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Байнакова Салтанат Абусейтовна

 

Сыныбы: 5 А   

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен жұмыс істей отырып, оқушыларға мысал мазмұнын меңгерту; әдеби – теориялық білімін жетілдіру

ә) тәрбиелік: тәкаппарлық, менмендік қасиеттерден бойды аулақ ұстап, адамгершілікті жоғары қоюға үйрету

б) дамытушылық: оқушының көркем әдебиетті көбірек оқуға қызығушылығын ояту

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Әдісі: сто элементтері, сұрақ – жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу

Көрнекілігі: А.Байтұрсынов суреті..Қанатты  сөз, венн диаграммасы, тест парақшалары, бағалау парақшасы.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Сынып 3 топқа бөлінеді.  «Ақын», «Ұстаз», «Аудармашы»

Топ аттарына көңіл бөлгізу.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, - деп, болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенген А. Байтұрсынов ұрпақпен бірге, себебі ол өлмейтұғын артынан халқына өлместей із қалдырған.

II.  Үй тапсырмасы:  «Өгіз бен бақа» (сұрақ – жауап) «Өгіз бен бақа» мысалы бойынша көрініс қою. Оқушының жаттау, рольде ойнау, өзін-өзі ұстау қабілеттеріне қарай бағалау

--- «Бақа мен өгіз» мысалын кім жазған?

IІІ. Жаңа сабақ.  «Егіннің бастары»

Қазақ халқын өнер-білімге,сауатқа шақырған қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілі,ағартушы, ақын А.Байтұрсыновтың қосқан үлесі зор. Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды А.БАйтұрсыновтың шығармаларына арнаймыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы А.Байтұрсынов «Егіннің бастары» деген аудармасымен танысамыз.

Аударманы оқушыларларға электронды оқулықтан тыңдатамын.

1. Қызығушылықты ояту

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Қандай ерекшелікті байқадыңдар?

Неге бір ғана бидай тіп-тік болып өскен?

2. Мағынаны тану

Мысалды рөлге бөліп оқу (әке, бала, автор)

3. Жаңа сөздермен танысу.

1. Тағзым ету-қызмет көрсету.
2. Қайран калу-таңғалу.
3. Шекірейіп қарау-менсінбеу.
4. Төмен бүгілу-еңкею.
5. Сорайған қарасына-бойына.
6. Тәкаппар-өркөкірек.
7. Тұтынба-еліктеме.
8. Балау-тең көру,бірдей санау.
9. Сайран етіп-қыдырып.
10. Көкке қарап-жоғары, төбеге қарап.
11. Теңгермейді-менсінбеу.

ІV. А.Байтұрсынов кім?

синоним: тәкаппар, ешкімді менсінбейді, бір өзін көпке балау, шекірейіп, кекірейіп, теңгермей

V. Ой толғаныс

Шығырманың сіздер үшін тәрбиелік мәні қандай? (Постер қорғайды)

VI. Венн диаграмма

«Өгіз бен бақа»                              

Көрсеқызар, көре алмаушылық қасиеттер сыналады, кейіпкерлері-бақа, өзгіз

Мысал, авторы – Байтұрсынов, тұжырымды ой бар

«Егіннің бастары»

Тәкаппарлық, менмендік қасиеттерден бойды аулақ ұстау керектігі айтылады, кейіпкерлері - адам, бидай

VII. Тест тапсырмасы. Өтілген тақырыптарға шолу жасау

VIII. Қорытынды

- Сонымен балалар,бүгінгі сабақта кім туралы білдік?

- Ол кім?

- Бүгінгі «Егіннің бастары» өлеңінен қандай тәрбиелік ой түйдіңдер?

«Бидайдың кеудесін көтергені-дақылы жоқтығы».

«Жігіттің кеудесін көтергені-ақылының жоқтығы» деген мақал осы өлеңнің мазмұнына сәйкес келе ме?

Тәкаппарды тәңірі сүймес.

Адамның өзіне-өзі мәз болғаны

Ұяты мен арының аз болғаны.

ІХ. Рефлексия

Үйге тапсырма. «Егіннің бастары» мысалынан өздеріне ұнаған шумағын жаттау.

Бағалау


Пікірлер (3)

Жанель

Маған негізінде егіннің бастары деген өлең жолдары қажет еді

Айсулу

Егінің бастары мысалында не жайында айтылады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз