Өлең, жыр, ақындар

Достық өлкесі

Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Менкеева Мирагуль Аманкосовна

Тренинг немесе сыныптан тыс жұмыстар

ТақырыбыДостық өлкесі

Мақсаты:

1. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру. Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу.
2. Таным-ой шеңберін кеңейту.
3. Адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Маркер, интерактивті тақта, сызбалар, түрлі түсті қағаз,
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
«Сәлемдесу» жаттығуы

1-топ Үлкен адамдарша

2-топ Жас балаларша

3-топ Оқушылар ұстаздармен қалай амандасады?  Сыныпқа кіріп келген мұғаліммен?...


 «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

1. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
2. Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

ІІ. Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.

1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достықжасқабайланыстыма?
7) Жақсыдос, жамандосқандайболады?
8) Досыңды неге теңередің?
9) Қыз бала мен ер баланыңарасындадостық бола ма?
11) Меніңдостарымкөп болу үшін не істеуімкерек?


Әйтімбет шешеннің сөзіне назар аударып, талдау.
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)

Үш топтан  бір оқушы шығарып, мақал–мәтел жарысын ұйымдастыру.
1. Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.

2. Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.

3. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

4. Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

5. Дос адам артық сұрамайды.
Махмұт Қашқари.

6. Дос достың кемшілігін кешіре береді.
Жүсіп Баласағұн.

7. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Абай.

8. Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Мұзафар Әлімбаев.

9. Қоссыз қазақ болса да,
Доссыз қазақ болмаған.

 “Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
б) Сыйластық бар жерде...
Бекіту

Өз бойымдағы кемшілік қасиеттер.

(Параққа жазып, оқып, қоқысқа лақтыру.)

Досым саған арнаймын… (Бес жол өлең құрастыру)

Қорытынды.
Ән: Достарым менің (хормен)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз