Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздікке – 25 жыл

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Мухамбетова Шолпан Мусурхановна

 

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, рәміздерді, желтоқсан оқиғасы туралы түсініктерін молайту

Дамытушылық: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тақпақты мәнерлеп айтуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздікке - 25 жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық.

Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнасада жолында

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті әнұранмен ашады.

Әнұран айтылады.

Жүргізуші: №8 МАД «Ә» «Б» топтарының балаларының тәуелсіздікке арналған тақпақтарын тыңдаймыз.

Авторы: Қалқаман Сарин

Монолог «Тәуелсіздік» атты монологын оқиды. Мейірбек, Назгүл,Жанболат,Ақжүрек.

№13 «Бәйтерек» ересек топтың бүлдіршіні Арай, Анель, Асылбек, Анель, Амина, Думан, Асылбек, Аяулым, Нурайлым

Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп

Ән: «Қазақстаным», «Туған өлкем»

Орындайтын: «Бәйтерек» тобы

Ал енді тақпақтар кезегі  №14 «Жас қанат» ересек тобының бүлдіршіндері Аманжол

Ән: «Казахстаным менің» орындайтын Гаухар мен Аманжол

Жүргізуші:

Тәуеліздік таңнан түскен ақ сәуле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

№12 «Жұлдыз» МАД тобының тақпатар .....

Ән: «Әрқашан күнсөнбесін» орындайтын Бисекешов Қалдыбай

Би: «қазақ биі» Сарсенгали Аяулым

МАД «В»  тобының орындауында ән «Туған ел» орындайтын Мендіғұл Ибрахим.

Жүргізуші:

Ақ ниеті алтын күн
Асқақ арман қыраны
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебеі мақтаны.

№15 «Болашақ» МАД тобының бүлдіршіндері

Ән: «Казахстаным менің» орындайтын Куан нурлан

Би: «Қаражорға»

Жүргізуші:

16 желтоқсан  
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн

Тақпақтар. Ал енді ортада №16 «Жас ұлан» МАД тобының бүлдіршіндері Жанарбек Жәнібек, Айдаралы Інжу, Анет Осман.

Би: «Домбыра»

Ән: «Елтаңбасы елімнің» орындайтын Жәнібек, Жанель, Інжу

«Жомарт елім» орындайтын Осман, Ақмаржан 

№25 «Толағай» балабақшасының барлық бүлдіршіндерінің  бірігіп

Би:Флэшмоб

Жүргізуші: осымен Тәуелсіздікке арналған ертеңілігіміз аяқталды. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз