Өлең, жыр, ақындар

Мен өз елімнің патриотымын

№2 Қабанбай орта мектебі
Мамаджанова Назгульжан Камильджановна

Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін ояту. «Патриот » деген сөздің мәнін ұғындыру. Отанды сүю – отбасынан басталады мақалының мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш, гүлдер, шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Бір ауылда тұрамыз
Бір мектепке барамыз.

ІІ. «Танысу добы» ойыны

ІІІ. Топқа бөлу  (кәмпитпен)

ІҮ. Кіріспе әңгіме

- Балалар, сендер қайда келдіңдер?

- Біздің мектеп қалай аталатынын білеміз бе?

- Ал біз қай ауылда тұрамыз?

- Республикамыз қалай аталады?

- Балалар, осы мектебіміз, ауылымыз, Республикамыз біздің Отанымыз. Отбасымыз - біздің шағын Отанымыз.

Қазақстан Республикасы туралы айтып, суреттен көрсету.
«Патриот» сөзінің мағынасын ұғындыру.


Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
Отанды сүю – от басынан басталады.

Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

Ү. Сергіту сәті

ҮІ. (Плакатқа оқушылар дайын шаблондарды жапсыру арқылы өз елін бейнелейді.)

ҮІІ. Қорытындылау

1. Сабақта алған білімдері бойынша сұрақтар қою.
2. Өлең жолдарын жаттату.

                    Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз