Өлең, жыр, ақындар

Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Имашова Айнур Есбосыновна

Білім беру саласы: Таным, Қатынас

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі»

Білім беру:

1. Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
2. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.
4. Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы.

Сөздік жұмыс: Тұрмыстық, техника

Билингвальды компонент: тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника-бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-

пылесос.

Құралдар: Интерактивті тақта, үй жабдықтарының ойыншық түрлері, жұмыс дәптері. Суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, жұлдыздар, үй

жабдықтары, тұрмыстық техникалық және үй жиһаздары, сурет карточкалары, арнаулы дүкендер суреттері.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Педагог балаларды ортаға шақырады.

Балалар қазір мына әуен аяқталғанша әрбір үйге қажетті деген заттарды алып келіңдер.

Балалар топтың әр жерінде орналасқан

тұрмыстық зат ойыншықтарды

әкеледі.

Іздену-ұйымдастырушы

- Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Бұл экраннан тұрмысқа көше техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру.

Мысалы: Бұл не? Ия бұлүтіконымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.

Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жек етоқталу.

Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз.

Билингвальды компонент:  тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос

Сергіту сәті: «Шаңсорғыш ойыны».

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.

Балалар үйлеріндегі барлық бұйымдарды атайды. Үй жиһаздарын қосып айтады.

- диван

- пелесос

- телевизор

- кілем

 


 

 

- үтік

- киім үтіктейміз

- себебі күйіп қалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексті коррекциялаушы

Сұрақ–жауап әдісі арқылы оқу іс- әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің

жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалануды, үлкендердің көмегінсіз электр тоғына қоспауды.

Түсінеді: тұрмысына қолданылатын заттарды қалай пайдалану керектігін, олардың атқаратын қызметін.

Қолданады: өмір қауіпсіздік ережелерін.


Пікірлер (4)

Гульнар

Өте жақсы сабақ екен рахмееет

Гулден

оте жаксы сабак екен біз ушін рахметттт

Айша

Керемет сөз жоқ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз