Өлең, жыр, ақындар

Күз мезгілін бейнелеу

Қызылорда обылысы, Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектептің
бейнелеу пәні мұғалімі
Дәрімбаев Рзаш Кенжебайұлы

Сабақтың тақырыбы:  «Күз мезгілін бейнелеу»

Сабақтың мақсаты: Табиғаттың әсем мезгілдерінде құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу. Табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту.

Білімділігі: сұлулық талғамын қалыптастыра отырып, суретші шығармаларын қабылдау, талдап үйрену.

Дамытушылығы: өнерге деген қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін әуен арқылы дамыту.

Тәрбиелігі: табиғаттың байлықтарын бағалай білуге қорғауға, аялауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Түрі: жазықтықта бейнелеу

Пәнаралық байланыс: эстетика, қазақ әдебиеті, музыка, география

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс

Көрнекілігі: И.И. Левитанның «Алма ағашы гүл жарғанда» шығармасы. А.Ғалымбаеваның  «Көктем мен Күзі», суретшілер шығармалары, топтастыру, ғажайып палитра ойыны, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы. Бейнелеу өнерінің жанрлары бойынша пысықтау.

Осы жанрлардың айырмашылығын айту.

III. Жаңа сабақ

Жанрлардың түрлері көп. Сол жанрлардың ішінде пейзаж жанры туралы сөз етпекпіз. Суретте табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды алыстағы елдерді бейнелеген шығарма-пейзеж деп аталады. Ал осындай табиғатты бейнелейтін суретшіні пейзажист - суретші деп аталады.

Суретші шығармаларын көріп қабылдау.

И.И.Левитан. И.Чайковский. Ә.Қастеев шығармалары

IV. Ой толғау.

Ақын-жазушылардың табиғат туралы өлең жолдары

А.Құнанбаевтың «Жыл мезгілдері» өлеңдері оқылады

Күз
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай

Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды

Көктем
Жауыны жауып жасылы
Жарқылдайды, жаз кепті
Өкіреді өзен тасуы,
Қаңқылдайды, қаз кепті
Тоғайда, көлде той қылып
Қаптады құстар жер көкті
Ауылдың малы балалап,
Айран шықы аз-көпті.
Манаурап мал, жан жадырап
Жан-жануар мәз бопты

Жаз
Тамылжыған жаз иісті
Жазғы жасыл көк дала
Жайылған жібек кілемдей
Қызыл-жасыл көк ала
Далаға келіп көк жасыл
Кестелі жібек кілемдей.
Жаз балаша шаттанып
Құлай кеттім еркелей
Бал іздеген аралар
Қобызбен күйін күйледі.
Жұптасып түрлі көбелек
Қызғалдақпен биледі.

V. Сармандық жұмыс. Үнтаспадан «Жыл мезгілдері» шығармасы орындалады.

Күз мезгілін жазықтықта бейнелеу (түстер бойынша түсінік беру). Оқушылар шығармашылығы (ойдан табиғатқа байланысты өлең жолдарын шығару)

VI. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.

1. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
    Қара шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді.   (Жер)
2. Құлағы да көзі жоқ,
    Жоқ тіпті қолы мен аяғы.
    Бірақ ғажап өнерпаз,
    Мәнерлеп ою ояды.  (Қырау)
3. Сылқ-сылқ күледі,
     Аяғы жоқ жүреді.  (Су)
4. Жер дүниені аралайды
    Тауға паналайды.   (Бұлт)

Бекіту сұрақтары.

«Ғажайып палитра» сұрақтары. Түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Бейнелеу өнерінің жанрлары.
2. Пейзаж жанры дегенді қалай түсінесің?
3. Түссіз бояу (ақ, қара)
4. Күз мезгілендегі басым түстер.
5. Жылдам жуүгіртіп салынған сурет. (нобай)
6. Пейзажист суретшілерді ата
7. Композиция деген не?

VII. Қорытындылау. 

1. Оқушылар шығармашылығы көрме арқылы қорытындылау.
2. Оқушылар салған суреттердің жетістіктері мен кемшіліктерін айту.
3. Бүгінгі сабақта қандай суретшілер шығармаларымен таныстық?
4. Сендерге кімнің суреттері ұнады?

VIII. Оқушы еңбегін бағалау.

Үйге тапсырма: табиғат көріністерін бейнелеу.


Пікірлер (2)

Ботагөз

күз туралы сурет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер