Өлең, жыр, ақындар

Әдептілік - әдемілік

Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін №25 орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Имашева Лаззат Орашқызы

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Тәрбие сағатының мақсаты
: Балаларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту. Тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз-өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Жүргізуші:

Құрметті, ұстаздар, бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»! Қош келдіңіздер!:
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Балалар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқоршы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.
Жүргізуші:
- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Тақтамен жұмыс:

Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

Жүргізуші: ендеше сөз кезегі балалар, сендерге беремін.

Райхан:

«Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

М.Альбина:

Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,

Айасыл:

Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.

Нұрболат:

Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.

Көрініс: «Екі дос» /Ерсұлтан мен Бейбарыс/

А.Альбина:

Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.

Эльвира:

Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын..

Ұлдана:

Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.

Мақсат:

Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.

Інжу:

Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.

Дидактикалық ойындар:

1. «Жақсы және жаман қасиеттерді ажыратыңдар» /парақшалар беріледі/
2. «Суретті құрастырыңдар және бейнелеңдер» /тақтамен жұмыс/

Ертегіден көрініс:

Бір күні аң патшасы - Арыстанның іші пысып, аңдарды жинап алып, мынадай тапсырма беріпті:

- Кімде-кім бір қазан ыстық суды дем алмастан ішсе, сол менің сенімді көмекшім болады,- дейді.

Аң атаулының бәрі таңырқап қалыпты. Ал Арыстан «Ыстық суды қайсысы ішеді екен? Қалай ішер екен?» –деп миығынан күліп отыр. Осы кезде Түлкінің көзі шетте тұрған ұзын құлақ сұр Қоянға түсті де, Жолбарысқа Қоянды ыммен көрсетті. Сол-сол-ақ екен. Жолбарыс бір қазан суды қоянның қолына ұстатып:

- Іш- дейді.

Қоян аңырап тұрып қалады. Біраз тез есін жинап алып:

- Сендерде қазаннан бір-бір ұрттаңдар. Қалғанын мен ішемін,-дейді.

Жолбарыс, түлкі, аю, қасқыр тағы да басқа аңдар қаззаннан бір ұрттамнан ішіп, Қоянға жеткенше су суып қалған еді. Сөйтіп, қазан Қоянның қолына жетті. Қоян ойланбастан бір қазан суды сіміріп салыпты. Арыстан Қоянның Тапқырлығына риза болып, оны өзінің көмекшісі етіпті.

Ән «Біз балдырған»

Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз