Өлең, жыр, ақындар

4 саны мен таңбасы

Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Утегенова Салтанат Махсотқызы

«Таным» білім беру саласының қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Таным»

Блок тақырыбы: «Заттар әлемі»

Апталықтың тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Мақсаты: «Ас атасы - нан» тақырыбында әңгіме жүргізу. «Нан» туралы тыйым сөздер мен тақпақтарды еске түсіру арқылы, халық тағамы туралы түсініктерін қалыптастыру. 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру. Нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрену; өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу. Ойын арқылы пішіндерді ажыратуға үйрету. Көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету; әр түрлі көлемдегі заттар тобының саны тең және тең еместігіні көре білуге үйрету.

Керекті құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті суреттер, тест бетшесі, көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдері: ойындар, санау, түсіндіру, көрсету, топтастыру, сұрақ-жауап

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұраық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жиналған жылы шуақты
Көршімізге сыйлайық

II. «Ас атасы-нан» апталықтың тақырыбына шолу жүргізу.

-  Балалар, «Еңбектің наны-тәтті» - деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? /балалардың жауаптары/
-  Ендеше бүгінгі біздің апталықтың тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады.
-  Нанға байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?
1. Нанды бір қолмен үзбе
2. Нанды лақтырма
3. Нанмен ойнама
-   Осы орайда бір жақсы, қызықты тақпақ бар еді ғой, кәне еске кім түсірді?

Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

III. Қайталау сұрақтары:
-    Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-    Күз мезгілінде қандай өзгерістер болатын еді, топтастыру әдісімен айтып көрейік:

Өткенді қайталап өтейік:

-    Мынау қандай пішіндер? Түстерін атаңдаршы?
-    Сан және санау: 1-2-3
-    Санамақтар айту:
1-саны:
Біздің үйде бір тауық
Бір жұмыртқа жүр тауып,
Бір сиыр бар қорада
Бәтіш тәтем жүр сауып

2-саны:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін,
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ білемін.

3-саны:
Үйімде бар үш қалам
Үшеуін де ұштағам
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

IV. Жаңа тақырып:
1. Санамақ айту
-    Енді мені тыңдаңдар:
4-саны:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада-

- мен қандай сан туралы айттым?
- дұрыс айтасыңдар, бүгін біз жаңа санмен танысамыз.Ол-төрт саны деп аталады.
- кәне айтайық, «төрт-төрт-төрт»
- 4 санына сәйкес заттарды санаймыз./4 саны туралы түсіндіру/

2. «Нүктелерді қос та, төртті сал» /тақтамен жұмыс/

3. «Көрпешенің жамауын тап» ойыны   /тақтамен жұмыс/

4. Сергіту жаттығуы:
Шапалақта қолыңды,
Жәй-жәй-жәй, міне былай!
Шапалақта қолыңды
Тез-тез-тез-тез-тез-тез,
Алға қарай адымда
Жәй-жәй-жәй, міне былай!
Жолыңнан еш жаңылма
Тез-тез-тез-тез-тез-тез

5. «Суреттегі заттарды санмен сәйкестендір» /тақтамен жұмыс/

6. Тест жұмысы /өзбетімен жұмыс/

V. Қорытындылау
- бүгін біз қандай санмен таныстық?
- кәне санайық: 1-2-3-4 /тура және кері санау/

VI. Балаларды мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер