Өлең, жыр, ақындар

Омонимдер

Шакербекова Дарига Амантаевна

ШҚО Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Күні:              Пән аты: Қазақ тілі.            Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы:  Омонимдер                         АКТ №3

 Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың омонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, карточкалар,тараттпа тапсырма

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты топқа бөлу. «Шаттық шеңберін » құру. Әр топ сабаққа қатысып отырған оқушыларды айтады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1\60-жаттығу жазбаша орындау.

2\ Өткен тақырыптар бойынша шолу жасау.

3\ Көп мағыналы сөздер туралы баяндау.

ІІІ Білімдерін тексеру 

Сызбамен байланыстыр

Сөздің мағыналары

Мысалдар

Тура мағына

Күннің көзі

Істің басы

Ауыспалы мағына

Ата кәсіп

Ақ ниет

Көп мағыналы сөз

Көз жанары

Білімнің кілті

ІҮ Жаңа сабақ 

\ Тақырыпты оқушылар сызба арқылы түсіндіреді.Интерактивті тақтада суреттер көрсету арқылы оқушылар түсінік береді.

 Бал  жинайтын ара.                              Ара- ағаш кесетін құрал

 

 

Жаз-жыл мезгілі                                      Айгүл тақтаға жаз.

     

Омонимдер  біркелкі  дыбысталып  айтылатын,  бірақ  мағынасы  басқа – басқа  сөздердің  тобын  білдіреді.
Ү Жаңа тақырыпты түсіндіру Омонимдер  мен  көп  мағыналы  сөздердің  айырмашылығы олардың  білдіретін  мағынасынан  көрінеді. Көп  мағыналы  бір  негізден  тарағандықтан,  мағыналары  жағынан өзара  жақын,  ұқсас  болып,олар  бір  ғана  сөз табына  жатады. Ал   омонимдер  мағыналары  жағынан  бір – бірінен  соншалықты  алшақ  болады  да,  кейде бір  сөз табына,  әр басқа  сөз  табына  да  қатысты  болып,  дараланып  тұрады. Мысалы:1) қара  шаш – заттың  түсін  білдіретін  сындық  мағыналы  сөз; 2) тақтаға  қара – қимыл – әрекетті  білдіретін етістік. 

ҮІ Ұжыммен жұмыс

Сызба бойынша салыстыр

Омонимдер

 Қаз- үйдің құсы.                                                Асан жерді күрекпен қаз.

     Зат есім                                                                      Етістік

ҮІІӨздік жұмыс

1\ Омоним сөздердің қатарын жаз.

Үлгі: түс- аттан түс, түс көру, заттың түсі.

Ат, арық ,ой ,айт, сабақ.

2\ Сөйлемдерді көшіріп жазып, омоним сөздердің астын сызыңдар.

Айгүлдің шашы қара түсті екен. Асылан ұзын ағашты арамен кесті. Атасы қойды қораға қамады.

ҮІІІ Жаңа сабақты бекіту

62 -жаттығу.

1.Тыйым  сөздерді  түсініп  оқыңдар

2.Тыйым  сөздердің  құрамында  омонимдік  мағына  беретін  сөздерді  табыңдар.

  63 – жаттығу

1.Мәтінде  омоним  болатын  сөздерді  теріп  жазып,  сөйлем  құраңдар.

ІХ Сабақты бекіту

Топпен жұмыс

№1

1.Сөйлемдегі  омоним  сөздерді  тап.

    Күймеге  Құнанбай  қасына  , Ызғұттыдан  басқа, Ұлжан  келіп  отырды. Қасым  айтпайтын  сөзді  қайным  айтты.

№2

1.Омоним  болатындай  тіркестер  құрап айт.

     Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.

2.Омоним болатын  мақал – мәтелдерден  мысалдар келтір.                               №3

1.Төмендегі  сөздерден  омоним  болатын   сөздерді  тап  және  сол  сөздерге сөйлем құра.

  Кілем,  газет,  жылқы,  шұбар, айт.

Х. Сабақты  қорыту

  1. Бағалау
Үйге  тапсырма

1.Омонимдер  туралы  түсінік.

2.66,67 -жаттығу

 

 

 

 


Пікірлер (3)

Раян

Маған сөз керек

Диана

Маған 83 беттегі 2- тапсырма керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз