Өлең, жыр, ақындар

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Сауат ашу және жазу

Сауат ашу

            Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Жалпы білім беретін мектептің оқу     бағдарламасына, Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп жасалды.

«Сауат ашу және жазу»  Алматы «Алматыкітап баспасы». 2013ж    

авторы:  Ә. С. Әмірова

Пәні: Сауат ашу

Сағат саны:  48 сағат   аптасына 1,5 сағат         

 

Түсінік хат

Сауат ашу және жазу мына бөлімдерден тұрады:

а) сауат ашуға дейінгі кезең;

ә) сауат ашу кезеңі;

б) сауат ашудан кейінгі кезең.

«Сауат ашу және жазу» пәнін оқытудың негізгі мақсаттары:

*Оқуға әліпбидің барлық әріптерін пайдалану;

*Барлық әріптерді баспа түрінде жазуға үйрету;

*Дыбыстық талдау және дыбыстарды бөліп алып және оларды атап беру ;

*Сөздің дыбыстық құрылымын талдау;

*Буындап оқытуды меңгеру.

 

Сауат ашу және жазу

Р/с

Іс – әрекеттің тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекілік

Сағат саны

Мерзімі

1

Балабақша (Әңгіме құрастыру

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету.Ойын,оқу іс-әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақ барысында кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Балабақша суреттері,слайдтар.

1

 

2

Күз кереметі (Әңгіме құрастыру)

Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. «Күз кереметі» атты сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.Жемістер мен көкөністің пайдасы туралы мағлұмат беру.

Күз мезгілі бейнеленген және көкөніс пен жемістердің суреттері,слайдтар

1

 

3

Ауылда.Үй жануарлары мен үй құстары.

Ауыл туралы мағлұмат беру.Үй жануарлары мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту және сабақ барысында сұрақтарға жауап бергізу арқылы сөздік қорларын толықтыру,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Ауылдың көрінісі бейнеленген суреттер,үй жануарлары мен үй құстарының суреттері.

1

 

4

Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.Жан-жануарларды қорғауға,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жабайы аңдардың суреттері.

1

 

5

Сөйлеммен танысайық

Сөз,дыбыс туралы түсінік беру.Сөздің дыбыстан құралатынын,дыбыстың дауысты,дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

Ойыншықтар,суреттер,

фланелеграф,үлестірмелі материалдар,текшелер,

кеспе әріптер.

1

 

6

Сөзден танысайық. Сөздер ме

н дыбыстар

Сөз,дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құралатынын,дыбыстың дауысты,дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

Ойыншықтар,суреттер,

фланелеграф,үлестірмелі материалдар,текшелер,

кеспе әріптер.

1

 

7

Буынға бөлейік

Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.Балаларға айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды,қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.Есту қабілеттерін жетілдіру.Танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойыншықтар,түстері әртүрлі,мөлшерлері бірдей екі машина,аю,қуыршақ,

текше.

1

 

8

Дыбыс және әріппен танысайқ

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру,дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Балалардың ойын дамыту,сөздік қорын молайту.Балаларды үй жануарларын сүюге қамқорлық жасауға үйрету.

Сюжетті суреттер,ойыншықтар,

кеспе әріптер.

1

 

9

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық

Балаларға дауысты дыбыс ерекшелігін түсіндіру.Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін байыту,жалпы ой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу.

Кестелер,кеспе әріптер,суреттер,

үлестірмелі дидактикалық материалдар.

1

 

10

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту.Сөйлеу тілін жетілдіру.Ой-өрісін дамыту.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты,таза,көркем жазуға дағдыландыру.

Дидактикалық материалдар,еңбек құралдарының суреттері,қима әріптер,тірек сызба,суреттер.

1

 

11

А а әрпі және дыбысы

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.

А дыбысымен таныстыру.Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау,ойлау,сөйлеу дағдыларын дамыту.Балаларға а дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы олардың сөздік қорларын байыту,байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

А дыбысының баспа түрі,ребустар,текшелер.

1

 

12

Т т дыбысы мен әрпі     

Т дыбысы және әрпімен таныстыру,бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыруды және сөздерді буынға бөлуді үйрету.Әдемі жазуға баулу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әліпби кеспе әріп кассасы,суреттер,

текшелер,торсық,

торғайдың суреті.

1

 

13

П п дыбысы мен әрпі       

П дыбысы және әрпімен таныстыру,өз бетінше сөз,сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту.Дыбыстық талдау жасауға,сауатты жазуға баулу.Өткен әріптерді еске түсіре отырып ойлау қабілеттерін арттыру.

Парта,піл суреттері,кеспе әріптер,буындар,

текшелер,әріп элементі.

1

 

14

Н н дыбысы мен әрпі

Н дыбысы және әрпімен таныстыру.Сұрақтарға бірден жауап бергізу арқылы ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды мейірімділікке,имандылыққа тәрбиелеу.

Кеспе әріп,әріп таңбасы,суреттер,

текшелер,ребустар.

1

 

15

Ғ ғ дыбысы мен әрпі                         

Ғ дыбысы және әрпімен таныстыру;дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту.Балаларға  ғ дыбысына мысалдар келтірткізу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру,байланыстыра сөйлеуге үйрету.Буын құрату,жұмбақ шешу,жаңылтпаш айту,ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.

Кеспе әріп,әріп таңбасы,суреттер.

1

 

16

Р р дыбысы мен әрпі               

Өткен әріптерді еске түсіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Р дыбысы және әрпімен таныстыру,өз бетінше сөз,сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту.Дыбыстық талдау жасауға,сауатты жазуға үйрету.

Шар,ара суреттері,кеспе әріптер,буындар, текшелер,иттің суреті.

1

 

17

Л л дыбысы мен әрпі             

Л дыбысы және әрпімен таныстыру.Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін,ойын дамыту.Мал төлдерін сүйе білуге ,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Кеспе әріп,әріп таңбасы,суреттер.

1

 

18

У у дыбысы мен әрпі

У әрпін таныстыру,у әрпі бар сөзді оқуға,жазуға үйрету.Сөздік қорларын дамытып,көркем жазуға баулу.

Әріптер,буындар, текшелер,әріп элементі.

1

 

19

Ш ш дыбысы мен әрпі       

Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту.Дамыту ойындарын ойнатаотырып,игерген білімдерін бекіту.Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Ш дыбысына мысалдар келтіркізу арқылы сөздік қорларын толықтыру,байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Әріптер,буындар,

текшелер.

1

 

20

Й й дыбысы мен әрпі           

Й дыбысы мен әрпін таныстыру.Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Тіл ұстастыру мақсатында й дыбысы кездесетін сөз құрату.Балалардың ой-өрістерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Кеспе әріптер,суреттер.

1

 

21

О о дыбысы мен әрпі     

О дыбысы және әрпімен таныстыру.Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау;о дыбысын дұрыс дыбыстатып,оның таңбасын-әрпін таныту;о дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру,сол сөздерді қатыстыртып,бірнеше сөйлем құрату.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

Мазмұнды сурет,қима әріптер,сызба-кесте.

1

 

22

Қ қ дыбысы мен әрпі    

Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Балаларды анық,таза сөйлеуге үйрету.Сөйлем құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сюжетті ойын арқылы балаларды ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап,қастерлеуге,түсінуге үйрету.

Мазмұнды сурет,қима әріптер,сызба-кесте.

1

 

23

Д д дыбысы мен әрпі    

Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Д дыбысы кездесетін сөз ойлап,сол сөздерді қатыстырып,сөйлем құрастыру арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Мазмұнды сурет,қима әріптер,сызба-кесте.

1

 

24

М м дыбысы мен әрпі                

М дыбысы және әрпімен таныстыру,оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.Дұрыс оқуға төселдіру.Достыққа тәрбиелеу.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

25

Б б дыбысы мен әрпі      

Б дыбысы және әрпімен таныстыру.Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту

Қима әріптер, касса,суреттер,текшелер.

1

 

26

С с дыбысы мен әрпі               

Өткен дыбысты қайталата отырып,алған білімдерін бекіту.С дыбысы және әрпімен таныстыру;сөз,сөйлем құруға дағдыландыру.

Кеспе әріп кассасы,түрлі-түсті суреттер, «жұмбақтар»

кітапшасы

с дыбысының баспа түрі.

1

 

27

Ы ы дыбысы мен әрпі 

Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру Ы дыбысы бар сөздер айтып,талдау;сөйлем,сөз туралы ұғымдарын кеңейту.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

28

Ж ж дыбысы мен әрпі           

Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге,сөзге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

29

Ү ү дыбысы мен әрпі     

Ү дыбысы және әрпімен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

30

Ң ң дыбысы мен әрпі      

Құрамында н,ң дыбыстары бар сөздерді талдау,оларды ажырата білуге үйрету.Ң дыбысы және әрпімен таныстыру.Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

31

Е е дыбысы мен әрпі   

Құрамында е дыбысы бар сөздерді талдау,ажырата білуді үйрету.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

32

К к  дыбысы мен әрпі    

Құрамында к дыбысы бар сөздерді талдау,оларды ажырата білуді үйрету.К дыбысы және әрпімен таныстыру.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

33

І і дыбысы мен әрпі                

Құрамында і дыбысы бар сөздерді талдау,оларды ажырата білуге,і дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

34

Әә  дыбысы мен әрпі  

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап,анық,таза сөйлеуге үйрету.

Суреттер,қима әріптер мен буындар.

1

 

35

И и дыбысы мен әрпі

И дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру.И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

И дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Суреттер,кеспе әріптер,текшелер.

1

 

36

З з дыбысы мен әрпі        

З дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру.Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету,сөздерді дұрыс буынға бөлдіру.

Кеспе әріптер,касса,суреттер,

текшелер.

1

 

37

Ө ө дыбысы мен әрпі 

Ө дыбысы және әрпімен таныстыру.Бір сызықтың бойына ө әрпін жазуын,сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау.

Суреттер,кеспе әріп,кітаптар,кесте.

1

 

38

Ұ ұ дыбысы мен әрпі   

Балаларды ү дыбысымен таныстыру,аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларынбайыту.

Суреттер,кеспе әріп,кітаптар,кесте.

1

 

39

Г г дыбысы мен әрпі 

Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту.Сөздік қорларын молайту.Г дыбысы сөздің қай буынында келетінін білдіру.Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту.

Суреттер,кеспе әріп,кітаптар,кесте.

1

 

40

Я я дыбысы мен әрпі. Ю ю дыбысы мен әрпі 

Балаларға я,ю дыбыстары және әріптерімен таныстыру.Я,ю дыбыстарының қосарлы дауысты дыбыстар екенін мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.Әртүрлі ойындар ойнату,сөзжұмбақ,ребустар шешкізу арқылы логикалық ойлануын дамыту.

Кеспе әріптер,текшелер,

суреттер,сөзжұмбақ.

1

 

41

Х х дыбысы мен әрпі. Һ дыбысы мен әрпі        

Сөз,сөйлем жайында түсінікткрін бекіту.Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.

Кеспе әріптер,суреттер,

текшелер.

1

 

42

В в дыбысы мен әрп . Ф ф дыбысы мен әрпі    

В,ф дыбыстары және әріптерімен таныстыру.В,ф дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын толықтыру,осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Кеспе әріптер, суреттер,текшелер.

1

 

43

Ё ё дыбысы мен әрпі.Э э дыбысы мен әрпі       

Ё және э дыбыстары мен әріптерімен таныстыру,балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету

Кеспе әріптер,касса,монтер,

елка,шахтер суреттері,әртүрлі текшелер.

1

 

44

Щ щ дыбысы мен әрпі      

Щ дыбысы және әрпімен таныстыру.Щ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын толықтыру,осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Кеспе әріптер,

суреттер,текшелер.

 

1

 

45

Ц ц дыбысы мен әрпі .Ч ч  дыбысы мен әрпі

Ц,ч дыбыстары және әіп таңбаларымен таныстыру.Анология бойынша қарым-қатынас орнату және ауыстыру қабілетін дамыту.Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Кеспе әріптер,суреттер.

1

 

46

Жіңішкелік белгісі(Ь ь)

Айыру белгісі(Ъ ъ)

Балаларды жіңішкелік белгісі (ь) және айыру белгісімен (ъ) таныстыру,таныту.Осы белгілер арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Кеспе әріптер,суреттер.

1

 

47

Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сұрақтарға жауап беріп,өз ойын дұрыс жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу.

Суреттер,ойыншықтар,

гүлдердің суреті, т.б

 

1

 

48

«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны

Өткен дыбыстарды қайталау,зейінін бақылау. «Жоғалған буын» ойынын ойната отырып,сөздер ойлап,оларды қатыстырып сөйлем құруға және сөздерді дұрыс буынға бөлуге үйрету.Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Әліпби,кеспе әріп кассасы.

1

 

 

Барлығы

 

 

48 сағат

 

 

 


Пікірлер (5)

Гумарова Гульнар

Үлкен рахмет .Еңбегінің жемісті болсын!

Абдреева Жанерке Елтындықызы

Көп,рахмет!Көмегіңізтиді.Аллажарболсын!Адалеңбегіңіздіңжемісінкөріңіз!

материалды жүктейтін жерді таппай тұрмын. Көмектес

Рахмет

Махан Мадина

Материалды жүктейтін жерді көрмей тұрмын. Көмектесіп жіберіңіздерші

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз