Эссе және өлең-жыр байқауы

Елім менің – Қазақстан

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы

Тәрбие сағаты
 

Тақырыбы:

Елім менің – Қазақстан.

Мақсаты:

Еліміздің тарихы туралы, сындарлы оқиғалар туралы танымдық маңызы бар мағлұмат беру. Оқушылардың өз еліне, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың тарихын қастерлеу, өз елінің болашақ иесі екендігін ұғындыру.

Оқыту нәтижесі:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғауға, елінің болашағы үшін күрескен ерлерін құрметтеуге, еліміздің саясатын қолдауға, адал, батыл болуға үйренеді.

Негізгі идеялары:

Патриоттық тәрбие беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқыту әдістері:

Блумм таксаномиясы, СТО технологиясы

Сілтеме:

Көрнекіліктер,бейнеүзік т.б.

Тапсырмалар:

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды ұйымдастыру.  Топтарға бөлу.

І топ. Солтүстік.

ІІ топ. Оңтүстік.

ІІІ топ. Батыс.

ІV топ. Шығыс.

Қала атаулары бойынша топқа бөлінеді.

«Білу»

Бейнеүзік көру.

Бейнеүзік не туралы?

Отан дегеніміз не?

Кім қалай түсінеді?

Біз тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?

Әр топ мүшелері өз ойларын айтады.

Отан – адамның ата-бабаларынан бері қалай кіндік қаны тамып, өсіп- өніп келе жатқан жері. Отанын жақсы көрген адам - өз елінің патриоты.

«Түсіну»

«Отан» постер арқылы қорғау.

Әр топ мүшелері сұраққа байланысты постер құрастырып, бір оқушы шығып қорғайды.

«Талдау»

Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050- інші жылға қарай қайда болғымыз келеді?Н. Назарбаев «2050 жылға арналған жолдауынан үзінді»

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс.

Егер біз күшті болсақ бізбен санасатын болады.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

 Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол- қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар: ол – Тәуелсіз Қазақстан!

Біз бақытты, интернет жүйесіне   қол жеткізген білімге құштар жастармыз.  

Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз.                

Біз спортты сүйетін, салауаттыөмір салтын сақтайтын дені сау жастармыз.   

Сан мамандықты игеретін мамандық иелеріміз.  

Біз Тәуелсіздік тірегіміз. Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен, жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз

«Қолдану»

 Топтастыру.

Топтарға тақырыптар беріледі.

 

 

1-топ: Отан туралы мақал-мәтелдер.

2-топ: Туған жердің қазынасы.

3-топ: Отан сөзінің синонимі.

4-топ: Қазақ халқының батырлары.

«Жинақтау»

Фишбоун. Балық қаңқасын толтыру.

Менің елім: тарихы, жетістігі, болашағы.

Оқушылар балық қаңқасын толтырады.

Рефлексия

Мендік пікір.

Оқушылар тәрбие сағаты туралы ойларын, алған әсерлерін жазады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...