Өлең, жыр, ақындар

Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау

Шымкент аграрлық колледжінің
экономика пәнінің оқытушысы
Тагаев Сапарбай Дуйсеханович

 

Ашық сабақтың жоспары

Жаңа материалды түсіндіру жоспары:

Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі, функциялары.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.
Стратегиялық жоспарлаудың моделі.
Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері
Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлар

1. Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі, функциялары.

Көпшілік қауымға белгілі “Стратеия” термині, гректің “Strategos”сөзінен туындаған,өз тілімізге аударғанда “ генерал өнері” деген түсініктерді беріп,болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын,жиынтығын көрсетеді.Стратегия іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамассыз ететін бөлшекті,жан жақты және кешенді жоспар.Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары “ Стратегия өнері ”атты кітап жазылған,бұдан біз стратегия ұғымды адам,қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқанын көреміз.

2. Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.

Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару  шешімдері үшін оның негізін қамтамассыз етеді. Стратегиялық жоспарлау-көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданылып келген арнаулы білім саласы. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар,ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай,сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын ісерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткіліті түрде икемді болуы тиіс.  

3. Стратегиялық жоспарлаудың моделі

Стратегиялық жоспарлаудың бірнеше моделі бар:

- Тиімді менеджмент стратегиясы. Жапон менеджерлері 70-жылдың  орта тұсында  өздеріне мынадай сұрақтар қойды: “ Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты қандай?”, “ Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?”, “ Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?”.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1. Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп,жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістерімен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. “ Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз”.

3. Менеджмент идеясының стратегиясы.Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

4. Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері

Фирма ішіндегі деректерді талдау. Өткен жылдардағы айналымды талдау  әдетте кесте түрінде беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс.

    1. Сату айналымы (саны)

    2. Сату құны(айналымы)

    3. Сату бағасы (өз өнімдері,бәсеке өнімдері)

    4. Өз өнімдерін өткізу болжамы

    5. Өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің арасындағы ауытқулар.

Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктерді өткізудің болашақтағы деректерін болжауға ықпал етеді.

5. Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлар.

Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.

             Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.

             Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.

             Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.

             Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.

             Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.

             Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.

             Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.

Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.

Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.

Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.

Сұранысқа әсер ететін факторлар

 


Пікірлер (3)

Аманек

Мақала маған ұнады, қысқа ари нұсқа.

Малдыбай Едіге

Сапар ағайдың лекциясығой керемет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз