Өлең, жыр, ақындар

Жабайы жануарлар

Бисен Жаникешев атындағы ЖОББМ-нің
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Хайрлиева Айман Елтаевна

Білім беру аясы: Қатынас

Білім көздері: Сауат ашу.

Тақырыбы: Жабайы жануарлар.

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.Жануарларға қамқор болуға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті.

Билингвализм: Жабайы жануарлар-дикие животные, арыстан-лев, жолбарыс-тигр, түлкі-лиса, қоян-заяц, қасқыр-волк, тиін-белка, аю-медведь, піл-слон

Көрнекіліктер: Жабайы жануарлар бейнеленген суреттер.                   

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Ұйымдастырушы-ізденуші

  - Балалар, кәнеки, бәріміз жануарларға айналамыз. Жолбарыс, аю, қоян, түлкіні бейнелейік, олар қалай дауыстайды.

  - Жабайы аңдарға нелер жатады?

  - Неліктен жабайы аңдар дейміз?

  - Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

 

   Дидактикалық ойын. «Жануараларды өз мекеніне орналастыр» Ойын шарты:Үй жануарларын қораға,жабайы жануарларды орманға орналастыру.

Сергіту сәті:

   Ұзын құлақ сұр қоян,

   Естіп қалып сыбдырды.

   Ойлы–қырлы жерлермен,

   Ытқып-ытқып жүгірді.

   Қарап еді артына,

   Қиығын салып көзінің.

   Келе жатқан томпаңдап,

   Көжегі екен өзінің.

 

Жұмбақ шешу.

   Ең айлакер аң...

   Балды жақсы көретін...

   Ең қорқақ ...

   Аң патшасы...

   Қораға шабатын аң...

   Ең ірі жануар...

   Мысыққа ұқсайтын аң...

 

   Жабайы аңдар қорегі туралы балалардан сұрау.

   Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау. Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салу және оны бояу.

   Тізбекті жалғастырып сызу.

 

Сергіту сәті:

   Маймақ аю қорбандап,

   Келе жатыр орманда.

   Тауып алып мол жаңғақ,

   Тығындайды дорбаға.

   Бір мезетте дәу жаңғақ

   Маңдайында деп тиді.

   Ашу басқан ол маймақ,

   Ызаланып қампиды.

   Сөздік жұмысы: арыстан-лев-lion,  түлкі-лиса-fox, қоян-заяц-, қасқыр-волк-wolf, тиін-белка, аю-медведь-bear, піл-слон-elephant.

Жануарлардың қимылын көрсетеді, дауысын салады.

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызығушылықпен ойнап шығады

 

 

.

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

 

Шешуі:

   - Түлкі

   - аю.

   - қоян

   - арыстан

   - қасқыр

   - піл

   - жолбарыс

 

 

 

 

Піл ең үлкен жануар. Керік – ең биік жануар. Ол өсімдіктермен қоректенеді. Тиін саңырауқұлақты қорек етеді. Аю ормандағы жидектерді теріп, өзеннен балық ұстап жейді

 

 Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

Жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

   - Жабайы аңдарға қандай қамқорлық көрсету керек?

   - Жабайы аңдар немен қоректенеді?

   - Сен қандай жабайы аңдарды көрдің?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Нені біледі: Жабайы жануарларды айыра білді.

Игерді: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білді.

Меңгерді:Үзік сызықтарды қосып, жануралардың бейнесін салып және бояуды меңгерді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз