Өлең, жыр, ақындар

Қазтуған жырау

ОҚО, Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернат
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шагирбаева Жулдыз Алмасхановна


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ әдебиеті әлеміндегі өзіндік орны бар Қазтуған жырау толғаулары туралы жан-жақты мәлімет беру, жырау шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орнының ерекшелігін көрсету, көркемдік әлемін таныту, шығармаларын талдап, көркемдік ерекшеліктерін танып оқи білуге үйрету; жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасау;
Дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; өздігінен білім алуға баулу,                                               
Тәрбиелік: Оқушыларды практикалық тапсырмалар орындату барысында ізгілік қатынасқа үйрету, адамды сүюге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: Қазтуғанның портреті, Бес ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі        

оқушыларды түгелдеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
оқушылардың зейінін сабаққа аудару.          

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1. ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінде қандай өзгеріс болды?
2 .Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы  өз заманының қандай өзекті мәселерін жырларына арқау етті?
3. Туған жерлеріне баға беру
4. Асан қайғаның Жерұйықты іздеудегі мақсаты не?
5. Абызға неге қайғы деген ат берілді?
6. Барған жерлеріне баға бергені.
7. Жыршы мен жырауларға қандай қасиеттер тән болған?
8. Асан қайғы толғауларында қандай мәселелерді қозғады?
9.1465-1466 жылы қандай оқиға болды?
10. Асан қайғы халқына бақытты өмір іздеп, Жерұйықты аңсаған арманы орындалды ма?

Үй тапсырмасын видеоролик арқылы пысықтыу

ІІІ. Жаңа сабақ.                                                                                                       

Мұғалім: қазақ-ноғай поэзиясы көшбасшыларының бірі болып, ақын-жыраулардың ішінде ерекше өзіндік қолтанбасын қалдырған әрі ақын, әрі күйші, әрі би әрі шешен Қазтуған жырау Сүйіншіұлы. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған аталып кеткен Сүйіншіұлы Қазтуған Каспий алқабы Бөкей жеріне қарасты Еділ мен Жайық арасы,Астрахань облысының Красный Яр қаласында туған. Қазтуған заманында бұл жерлер ноғайлар мекені  деп санаған.

Халық аңыздарында ол қолбасы батыр. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақбұта, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы, көсемі, әскербасы батыры болады. Дәшті-Қыпшақта ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы рулармен бірге, Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткен. Бұл- қазақтардың қазіргі Қазақстан жерінің орталық және батыс бөлігін түгелге жуық қайта иеленіп, біршама күшейген шағы.                                                             

Қазтуған- қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Жырау шығармаларынан бізге жеткен «Мадақ жыры», «Алан даалаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын толғаулары бізге жеткен.

Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығармасы «Алаң да, алаң алаң жұрт» толғауы. Ол оның туған жерімен қоштасу жыры.

4. Толғауын мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту. Әдеби талдау жүргізу.

Мазмұны

Тілі

Ой-тұжырым, мақал-мәтелмен

І бөлім

Жыраудың туған жеріне деген шексіз махаббаты.

Ассонанс, аллитирация, қайталау, теңеу, теңеулі эпитет

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

ІІ бөлім

Еділ мен Жайықбойының сұлу табиғаты.

Әсірелеу, теңеу, қайталау.

Жер байлығы, ел байлығы. Жері байдың елі бай.

ІІІ бөлім

Еділ бойында қалған түркі тілдес руларға тілеген тыныштық,ел бірлігі.

 

Бірлік түбі береке

 

Тақырыбы

Туған жеріне, еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілік

Идеясы

Елді, жерді қорғай білуге, сүйе білуге үйрету. 

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу. «Отан, туған жер, батырлық» жайында өлең шығару.

Түсініксіз сөздермен жұмыс

Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.
Батташығы – шатырма гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас, көп жылдық шөптесін өсімдік.Онда эфир майы болғандықтан, оны жас күйінде мал жемейді.
Кежі – үйдің бір түрі.
Сеңгір – зәулім, биік, заңғар.
Шайыр – ақын.

Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады. (М. Әуезов)

Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ, бұл сезімде тіпті фәнилік емес бірдеңе бар. (М.Мағауин)

Ойласа ойдың көсемі, сөйлесе  қызыл тілдің шешені, ұстаса қашағанның ұзын құрығы, қиып алған жас орманның сырығы. (Қазтуған жырау)

ІҮ. Бекіту.

1. Қазтуған Сүйінішұлы осындай артына мол мұра қалдырған жыраулардың бірі. Ол тек жырау, рубасы, батыр,әскербасы ғана емес, күйші  екенін де айта кету керек. Мақал-мәтел.

2. Б.Тілеухановтың орындауында Қазтуғанның жыраудың «Алаңда, алаң, алаң жұрт» толғауын интерактивті тақтадан тыңдау.

Ү. Бағалау

ҮІ . Үйге тапсырмаҚазтуған жыраудың өмірін оқып, «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін жатқа айту.


Пікірлер (5)

Guli_2092

Өте қызықты тақырыпlaugh

Салмирзаева Жанар

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға

Аружан

Жолдасы коптин олжасы коп
Эссе

Астана Арнасы

Көп рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз