Өлең, жыр, ақындар

Адам мәселесі

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы
Жамбыл ауыл әкімшілігі
Жалын ауылы
Жамбыл ЖОМ КММ
Дүйсенов Мамыр Куанышович
Адам Қоғам Құқық пәнінің мұғалімі
 

Сынып: 9 «А»
Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: «Адам мәселесі»
Мақсаты:  
Білімділік: Оқушыларға адам, құқық және қоғам туралы білім беру. Оқушылардың құқықтық білімін дамыту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың  түрі:
1) Жаңа материалды меңгеру;
2) Біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4) Меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау;
5) Аралас;
6) Іздену, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, тест, кесте толтыру, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, заңдар, кесте, плакат т.б. қажет материалдар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың назарын аудару.
І. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
1. Адам мәселесі
2. Адам ұғымы
3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам

1 млн 750 мың жыл бұрын

Африка Кения жеріндегі Олдувайда

Питекантроп адам

1 млн жыл бұрын

Ява аралы

Синантроп адам

500-200 мың жыл бұрын

Қытайда

Неандертальадам

100-35 мың жыл бұрын

Германияда

Саналыадам

40-35 мың жыл бұрын

Европада

 

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын жер бетінде алғашқы адамзат өкілі «Homo sapiens» ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның «Адамтуралы», оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғұламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзар абайланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші қыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындағы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.
"Адам" ұғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен және саналылығымен ерекшеленеді.
Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.
Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаған ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.
Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбе найтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.
Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.
Жаңа сабақты пысықтау ұяшықтарды таңдау арқылы, «Теңге алу» ойынымен сұралады.

ІІІ. «Теңге алу»
1000
1. Қоғамнан қол үзген ересек адам қандай күй кешуі мүмкін?
1000
2. Бұдан 40 мың жыл бұрын пайда болған адам қалай аталады?
2000
3. Адам мәселесімен қандай ғылымдар айналысады?
2000
4. Қоғам мүшелерін әрекеттің сипатына қарай қалай бөледі?
3000
5. Адам деген  ұғымға түсінік беріп өт?
3000
6. Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстыр?
4000
7. Адам бойындағы әлеуметтік нышандарға сипаттама беріп өт?
4000
8. Ағылшын жазушысы Р. Киплингтің шығармасын ата?
5000
9. Жеке адам ұғымына түсінік бер?
5000
10. Детерминизм дегеніміз не?

Жаңа сабақты  қорытындылау:
ІV.“Блиц” сұрақтар
1. Категория?
2. Адамгершілік ұстанымдары.
3. Қ.Р. Конституция?
4. Қоғамда заңның алар орны қандай?
5. Материя дегеніміз?
6. Философия дегеніміз?
7. Демократия дегеніміз?
8. Эмпиризм дегеніміз?
9. Мәнділік дегеніміз?
10. Антропология дегеніміз қандай ғылым?

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.
V. Үйге тапсырма: 1. Қазақ тарихындағы қазақ хандарының заңдар жинағын жинақтау. «Адам мәселесі»  деген тақырыпта эссе жазу..
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап, жаңа сабақта белсенділік танытып, тапсырмаларды орындаған оқушылар «Ашық журнал» арқылы бағаланады.

«Ашық журнал»

Оқушының аты-жөні

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

Қорытынды бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз