Өлең, жыр, ақындар

Информатика дарабозы

Есік қаласы
"Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп" КММ-сінің
Информатика пәні мұғалімі: Шинбаева Булбул Турапашовна

7-ші, 8-ші  сынып оқушылары.                          Мерзімі 4.12.2015 ж.        

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сабақ жоспарын таныстыру.
2. Жетон арқылы оқушы тандау. 10 оқушыға дейін.  (алғашқы 1-10 дейінгі сандар алған оқушылар ойынға қатысушылар).
Жарыс кезеңдері:
І. “Жорға”  (екі топқа 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. «Кім жылдам?» (Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек 10 ұпай)
ІІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V.“Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
VI. Марапаттау.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жеребе тасталды, барлығымыз бір-бір жеребе алайық. 1-ден 10-ға дейінгі сандары бар жеребе алған оқушылар сайысқа қатысушылар. Ал қалған оқушылар артқы орындарға жайғаса беріңіздер.
1. команда - Тапқырлар
2. команда - Жүйріктер
Сайысымызды бастамас бұрын 2 топқа Әділқазы алқасын сайлап алайық.
Командаларға ескерту: егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
         Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың “Жорға”деп аталатын I.кезеңін бастайық. Бұл бөлімде әр командаға 10-сұрақтан қойылады. Жауап нақты тез болуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1 топ.
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Терезенің орысша атауы? (Окно)
5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
8. Бір байта неше бит бар? (8)
9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)
10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)
2 топ.
1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)
2. «Paint» қандай редактор?  (графиктік)
3. Пернетақтаның неше пернесі бар? 104 пернесі бар)
4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
5. Дүние жүзілікжелі? (Интернет)
6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)
8. Компьютердің миы  (Процессор)
9. Вирусты жоятын программа (антивирус)
10. Дыбыс жазу құрылғысы  (Микрофон)

ІІ. Кезеңі «Кім жылдам» атты ойынымызды бастайық
Әр командаға конверт беріледі. Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек. Оған 5 минут уақыт беріледі. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай аласыңдар.
Жауабы: Жү – йе – лі б – лок , с – ка – н – ер , про -це – с – с –
ор , д – рай – в – ер , ви – р – ус , п – рог – ра – м – ма , мо – д – ем

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты
ІІІ кезеңімізді  бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.

1.    Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

2.    Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)

3.    Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

4.    Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

5.    Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

6.    Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
                    (сызғыш, линейка, a ruler)
7.    Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
                    (кітап, книга, book)

8.    Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
(он екі, двенадцать, twelve)
9.    Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
                        
10.    Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

       Ойынымыздың IV  кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1.    Нимотор ----------- Монитор
2.    Пьюромтек ------- Компьютер
3.    Енрепатқат -------- Пернетақта
4.    Лайф ---------------- Файл
5.    Рльоукятакл ------ Калькулятор
6.    Атқсуа -------------- Сақтау
7.    Аэкторикелн ----- Электроника
8.    Дңеөу -------------- Өңдеу

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, -дей келе
“Көкпар” атты V. кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? - 3 стакан
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.

Мұғалім. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз