Өлең, жыр, ақындар

Күзде қонақта

Қарағанды обл. Балқаш қаласы
№5 мектеп "Еркетай" шағын орталығы
Тәрбиеші: Сабанбаева Нұргүл Құрмажанқызы

 

Балалар  музыка әуенімен залға кіріп, шеңбер жасап тұрады

Жүргізуші: Сәлемәтсіндерме балалар! Қонақтармен амандасайық. Сәлеметсіздерме! (Балалар қайталайды)

Жүргізуші: Конвертті көрсетеді. Балалар бүгін хат келді. Кәне ашып көрейк. Бұл хатты сулу күз жіберіпті. Ол бізді өзіңе қонаққа шақырыпты. Сендер күзге қонаққа барғыларын келеме?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Жол ұзақ поеъздмен, машинамен күзге біз баралмаймыз. Тек қана атпен бараламыз. Кеттік!

Жаттығу: «Аттар басын тік ұстап жүреді»

Жүргізуші: Балалар! Қарандаршы күздің киіз үйі (терезені қағады) Кәне бәріміз шақырайық. Күз! Күз! Үйдің артынан дауыс естіледі. Келе жатырмын! Келе жатырмын!

Күз: Сәлемәтсіндерме балалар! Сәлемәтсіндерме сүйкімді балғыңдар! (Балалар амандасады) Жарайсыңдар маған келгендерін өте жақсы болды. Қарадаршы мінекей мен қаншама шаруа тыңдырдым. Талдардағы жапырақтарды әр-түрлі түске боядым. Мінекей сары, қызыл, қоңыр, қызғылт. Аспандағы бұлттарды жинадым. Жаңбыр жаудырып жерді суару керек болды. Ормандағы саңырауқұлақтардың өсуіне көмектесу керек. Ал кәнекей балалар мен сендерді саңырауқұлақтар жинауға шақырамын.

Жүргізуші: Күз біз кәзір саған көп саңырауқұлақ жинап береміз. Жүріндер балалар  саңырауқұлақ жинаймыз.

Ойын «саңырауқұлақтар жинау»

Балалар саңырауқұлақтарды себетке жинап жүргізушіге береді.

Жүргізуші: Рахмет балалар! (Күзге барады) міне күз қаншама саңырауқұлақтар жинадық.

Күз: Жарайсындар балалар! Сендер өте еңбекшіл екенсіндер. Бірақ менің танысым Ақтиын сияқты емес. Қайда өзі? Ақтиын!

Жүгіріп Ақтиын келеді.

Ақтиын: Сәлемәтсіндерме балалар! Ой! Қаншама саңырауқұлақтар, осының бәрі мағанба? Рахмет!

Жүргізуші: Ақтиын! Біз саған бір ойын қалай қарайсындар. Ол «Билейтін жаңғақ» деп аталады. Музыка әуені ойнап тұрғанда мен жаңғақты шеңбер бойымен балаларға беремін. Балалар әрі қарай бір-біріне береді. Музыка әуені тоқтағанда, жаңғақта тоқтайды. Кімнің қолында жаңғақ қалса, сол бала ортағы көңілді музыка әуенімен билейді.

Ойын «билейтін жаңғақ»

Ақтиын: Ой! Жарайды, менің қайтыуым керек қымбатты балалар! Маған қысқа дайындалу керек Саңырауқұлақтарына рахмет! Сау болыңдар! (кетеді)

Жел еседі (музыка ойналады)

Күз: Ой! Естідіңдерме желдің дыбысын (Есік қағылып қолында жапырағы бар жел кіреді, жапырақтарын жан-жаққа шашады)

Жел: Сәлемәтсіндерме достарым! Сәлем саған сиқырлы күз! Сен жапырақтарды әдемі бояапсын. Қарашы қаншама көп қызыл, сары, қызғылт, қоңыр.

Жүргізуші: Жел! Біз саған өлең айтып береміз. Кәне балалар шеңберге тұрындар. Ал сен Жел бізбен бірге әңге қосыл.

Ән: «Жапырақтар»

Жел: Жан-жағыныз қандай әдемі балалар кәне жапырақтардың әдемі байламдар (букет) жасайық.

Ойын: «Жапырақтардан байлам жаса»

Жүргізуші: (Жапырақты алады) Біздің балалар күзгі жапырақтармен билегенді жақсы көреді.

Би: «Күзгі жапырақтармен би»

Жел: Маған сендердің билерін қатты ұнады.

Жүргізуші: Осы биді сізге сыйлаймыз біздің балалар әдемі гүл шоқтарына ұқсайды.

Жел: Жарайды, Мен әрі қарай ұшайын, анау бұлттын артынан қазір жауын болады. (Жел ұшып кетеді)

Жүргізуші: Ал біз жауыннан қорықпаймыз, жауын туралы білеміз.

Ән: «Күз келді»

Күз: Рахмет! Сендер жаңбырдан қорықпайды екенсіндер. Бірақ Мен сендерге сонда да қолшатыр сыйлаймын.

Жүргізуші: Ал біз онымен ойын ойнаймыз. Ойын «Күн мен жаңбыр» деп аталады. Балалар ойнаймызба?

Балалар: Иә!

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Жүргізуші: Қымбатты Күз! Біздің саған деген алғысымыз шексіз. Осындай мерекеге тап болғанымызға өте қуаныштымыз. Кәне бізбен бірге өйлең айтып әңге сал.

Ән: «Күз келгенде»

Күз: Маған әндерін ұнады, билерінде, ойындарында. Қандай әдемі, көңілді балаларсындар. Енді менде сендерге сыйлық беруім керек қой. (Үйіне кіріп себетпен алманы алып шығып жүргізушіге береді) Дәм татыңдар менің қымбатты қонақтарым балаларым!

Жүргізуші: Рахмет! Бұл себетті біз өзімізбен бірге балабақшаға алып кетеміз.

Күз: Сау болындар балалар! Маған тағыда келіңдер.

Жүргізуші: Мінекей балалар бізге балалабақшаға қайтатын уақыт болды, тағыда атпен қайтамыз.

Жаттығу: «Аттар»

Жүргізуші: Міне біз балабақшамызға келдік. Өз тобымызға барамыз. Бармас бұрын қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар! (Бәрі шығып кетеді).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз