Өлең, жыр, ақындар

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.

 

 

Математика

6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.

Жалпы мақсат:

Оқушыларға шеңбердің ұзындығы  мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шеңбердің ұзындығы. Пи санымен танысу. Шеңбер ұзындығының формуласын білу. Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну.Шардың мағынасын, оның қандай болатынын түсіну, меңгеру.

Негізгі идеялар:

Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну.Шардың мағынасын түсіну.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, интерактивті тақта, слайд шоу,сызбалар, карандаштар,пламастерлер,наклейкілер.

Оқыту әдістері:

ДЖИГСО, БЛУМ таксономиясы

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Дерек көздері:

 Оқулықтар, интернет желісі

Тапсырмалар:

Білу 7 мин Сөйлемдерді еске түсір:

  1. Шеңбердің ұзындығы ..................... тең.
  2. Дөңгелектің ауданы ............. тең.   
  3. Шар  дегеніміз...........................
  4. Шар бетінің .......................

деп аталады.

5.«Сфера» сөзін..................  білдіреді.

6.Шар бетінің екі ................деп аталады.

Түсіну  2 мин  

Жауап беріңдер:

1.Шеңбердің ұзындығы дегеніміз не?

2.Дөңгелектің ауданының формуласы қалай?

З.Шар дегеніміз не?

4.Шардың аудармасы, мағынасы қандай?

5.Шардың диаметрі дегеніміз не?

6.Сфера сөзінің мағынасы қалай?

7 . -дің  мәні неге тең?

Колдану 15 мин

  1. Радиусы 10см, шеңбердің ұзындығын табыңдар.
  2. Айдың диаметрі 3476 км.Айдың экваторының ұзындығын табыңдар.

3.Радиусы 10см шар көлемі қандай кубтың ішіне сыяды?

Талдау    5мин

Айыра алу:

«Сфера» грек сөзі аудармасы мен,радиусы сөзін айыра білу керек.

Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын айыра білу.Шар мен сфераның бір бірінен айырмашылығын білу.

Шеңбердің ұзындығының формуласы мен дөңгелектің ауданы формуласын айыра білу.

 

Жинақтау

 6 мин

Алған білімдеріңді пайдалана отырып сызба құраңдар және постерде қорғаңдар.Гүл егілген Гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84м.Гүлзардың ауданын

анықтаңдар. Кітаптағы нұсқауды басшылыққа алыңдар.

 

Бағалау  7 мин

Әр топқа тапсырмалар беріледі

Тапсырмаларды жинақтау арқылы оқушылар бағаланады.

Бағалау

Смайл арқылы

Өзара бағалау

Смайл арқылы

Смайл арқылы

Критерий арқылы өзара бағалау

Сумативті бағалау

Үйге тапсырма

№168. 3),4).  №169

                 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз