Өлең, жыр, ақындар

Бір жылда не үйрендік

"Аружан" жекеменшік балабақшасының
Тәрбиешісі: Изтурганова Аcылгуль

 

Қорытынды оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.

Тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған орта.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.

Ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық ұғымдары туралы түсініктерін дамыту.

Ұқыптылық, әсемділікке тәрбиелеу

Көрнекілігі көктем мезгілінің суреттерін, санның кескінділері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу жеке тапсырмалау, сұрақ-жауап, тақпақтар.

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жарқырап күн ашылды
Айналаға гүл шашылды
Көк аспанда күн күлсін
Бірге жүрсің бүлдіршін

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз жыл бойы алған білімдерің туралы қортынды оқу іс-әрекетін өтеміз.

Оқу іс-әрекеттің тақырыбы "Біз бір жыл бойы не үйрендік"

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың көктем мезгілі

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінде үш ай бар

наурыз, сәуір, мамыр.

Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

Көктем мезгілінде күн жылы болады, ағаштар бүршік жарады, жабайы аңдар оянады, малдар төлдейді, адамдар жеңіл киінеді.

Балалар назарымызды көктем туралы суретке аударайық. Көктем туралы тақпақ білесіздерме?

1. Омар:

Дала гүлге бөленеді                    

Қуанышқа кенеледі

2. Ақбөбек:

Жаңбыр жауып басылды          

Құстар әні төгілді

3. Мадина

Күн нұрын сепкен                        

Жер жылып кеткен

Ғажайып сәт " Хатшы"

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кім келеді? Хатшы.

Хатты бізге Білгішбек беріп жіберген екен. Хатты ашып қарайық ішінде сандар бар. Сандардың ішінде әртүрлі пішіндер бар. Сол пішінді дұрыс атасақ, бізге көптеген сұрақтар беріледі, соған жауап берейікші.

Ең бірінші 1 санын ашайық.1 ішінде қандай пішін бар екенін айтайық. Домалақ пішін түсі қызыл. Өте жақсы.

Енді 3 санын ашып көрейік. Қандай пішін түсі қандай. 3 санын ішінде үшбұрыш бар, түсі сары.

Балалар енді 2 санын ашып қарайықшы түсі пішіні қандай. Соқпақша пішін түсі-жасыл.

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды кім атап береді?

Үй жануарлары қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

Жабайы жануарлар қасқыр, түлкі, қоян, аю, жолбарыс, піл.

Өте жақсы.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық

 

Үй құстары мен дала құстарын ажырату.

Үй құстарына тауық, балапан, әтеш, қаз, үйрек.

Дала құстарына қарлығаш, қарға, торғай, шағала, сауысқан, көкек.

Өте жақсы балалар.

Балалар қандай ертегі білесіздер?

Ертегіден үзінді айтамын

Сендер қай ертегі екенін айтасыздар.

1. Ол үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады да, досын шақырады, досы келмейді, сөйтіп мейізді өзі жеп қойды.

      "Мақта қызбен мысық"

2. Ол үлкен болып өсіп кетеді. Ата тартып шығара алмай, әжені шақырады, әже немересін шақырады.

       "Шалқан"

3. Мен атамнан қаштым

Мен әжемнен қаштым

Қоян сеннен де қашып кетем

    "Бауырсақ"

Қортынды.

Күтілетін нәтеже: Нені білді. Жыл бойы алған білімдерін білді. Нені игерді. Математикалық ұғымдар туралы түсінікті игерді. Меңгерген зағдылары мен іскерліктері тәрбиешінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап берді, шағын тақпақтарды мәнерлеп айтты.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз