Өлең, жыр, ақындар

Жайқалған гүлдер

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы
«Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі
Шарафиева Динара Равхатовна

Тақырыбы: «Жайқалған гүлдер»

Мақсаты: Балаларға гүлдердің атын атай білуге үйрету. Гүлдер туралы білімдерін әрі  Қарай дамыту. Гүлдерді күтіп баптауға, әдемілікке, сұлулыққа деген сезімдерін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: Әртүрлі гүлдердің суреттері, ойынға қажетті суреттер.

Балалар бүгін біздерге көптеген қонақтар келіп отыр, қане келген қонақтармен амандасып алайық.

Амандасу:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын шашайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық!

Таң ғажайып сәт.

Гүлдер ханшайымы келеді.

- Сәлеметсіздер ме балалар? Мен сіздерге қонаққа келдім. Мен гүлімнің бір күлтесін жоғалтып алдым. Маған көмектесесіңдер ме?

- Ия, көмектесеміз.

- Жарайсыңдар, балалар.

(Балаларға гүлдер туралы айтып беру.)

- Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық. Нелердің суреттерін көріп тұрмыз?

- Гүлдердің.

          Балалар енді осы гүлдер туралы гүл ханшайымына тақпақтар айтып берейікші.

 

Әйгерім:                      Түймедақ деген гүл болам,

                                        Достарым менің қызғалдақ.

                                        Өсе тұғын жайқалып,

                                        Көп болса екен саябақ.

 

Дильназ:                      Құлпырған мен раушан гүлімін,

                                        Жапырағым жайылған.

                                        Сұлулық бар бойымда,

                                        Тамырым кең тараған.

-Жарайсыздар балалар, тақпақты өте жақсы айтады екенсіздер.Енді менің сіздерге алып келген тапсырмаларым бар орындауға дайынсыздар ма?

-Ия.

-Балалар,гүлдер ханшайымының тапсырмаларын орындасақ оның бір күлтесін тауып береміз,көмектесеміз бе?

 1. Тапсырма. «Сиқырлы гүлдер» ойыны.

Ойын шарты: Әртүрлі гүлдер берілген, балалар көздерін жұмады. Сосын тәрбиеші бір гүлді алып жасырып қояды, балалар көздерін ашып қандай гүл жоқ екенін табулары керек.

2. Тапсырма.  «Пішіндерді ата» ойыны.

Ойын шарты: Берілген гүлдердегі пішіндерді балалар жеке-жеке атап берулері керек.

Сергіту сәті:

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым оранды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ ,жол салсақ.   

3. Тапсырма. «Ненің бейнесі?»  ойыны.

Ойын шарты: Қиылған пішіндерді құрастырып, ненің бейнесі екенін атап айту.    

4. Тапсырма. «Жануарларды тамақтандыру» ойыны.

Ойын шарты: Берілген жануарлардың қайсысы қандай тамақпен қоректенетінін айырып  айтып беру.

Гүлдер ханшайымы:

- Жарайсыңдар, балалар, ойынға барлығың да жақсы қатыстыңдар, менің тапсырмаларымды орындап, менің күлтемді тауып бердіңдер, сіздерге көп-көп рахмет.

Балалар гүлдер ханшайымын шығарып салады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз