Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

№22 Еңбек орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Құтпанқұлова Мақсат Турдакыновна      

Мақсаты:

1. Көксерек әңгімесіндегі адамдар мен қасқырлардың іс-әрекетіне жан-жақты талдау жасау.

2. Әңгімені сатылай кешенді талдау барысында,оқушылардың ой-өрісін дамыту, таным белсенділігін арттыру,шығармашылық ізденіске баулу.

3. Табиғат заңдылығын түсіне білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізу технологиясы: СКТТ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес,дебат сабақ.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Көрнекілігі: М.Әуезовтың суреті,қасқырдың суреті,кітаптар жинағы,буклет.

Сабақты ұйымдастыру: жекелей және топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

 

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Сабақтың мазмұны

1. Ұйымдастыру кезеңі

1-2 мин.

     А) Оқушылармен амандасу. Ә) Назарларын сабаққа аудару.

2. Мақсат қою

2 мин.

Балалар, біз сендермен «Көксерек» әңгімесін оқып шықтық. Бүгін сабақта пікір таластарамыз, бір-бірімізді тыңдаймыз, тақтаға қысқаша түрде жазамыз.

3. Кіріспе бөлім. Дайындық кезеңі.

10 мин

Дебат сабақты сапалы түрде жүргізу үшін талдау барысында бағыттама сұрақтарды қолданамыз.

1. Қасқырлар мекені.

А) Қараадыр сайы әңгімеде қалай суреттелген?

Ә) Жас қызыл қозыны екі қомағай қанды ауыздар қалай асайды?

2. Адамдар қиянаты.

А) Адамдардың іс-әрекеті дұрыс па?Өзің оны қолдайсың ба?

3. Көксеректің ұрлығы:

А) Ауыл адамдары неге жек көрді,жазалады?

4. Ұяласымен  табысу.

А) Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

5. Қараадыр еліндегі мазасыздық.Табиғаттағы тағылар тіршілігі әңгімеде қалай берілген?

6. «Құтырған Көксерек»

Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?Көксерек өзі сияқты тіршілік иелерінің басшысы болды.Ол жаралы және аш еді.Туғаннан бергі көресіні адамдардан көріп қой бағып жүрген балаға тап береді.

7.Ақ қасқаның Көксеректі жеңуі.Ақ қасқа үш бірдей қасқыр алған.

4.Негізгі бөлім.

20 мин.

1. Тақтадағы бағыттама сұрақтарды кезең-кезеңімен оқып отыру.

2. Айтылым.Әр сұраққа пікірталас ұйымдастыру.А) даттаушы жақ.Ә) жақтаушы жақ.Мысалы:даттаушы жақ: әңгіменің басы қараадырдың басы елсіз сайынан басталады.Айналадасұрықсыз шұбарадырлар. Жақын төбелерді аласа бос қараған,тобылғы басқан сай сондай сұрықсыз суреттелген деп ойлаймын.

3. Тыңдалым.Сюжеттің дамуы бойынша кезең-кезеңдерін тәртіпке келтіруге салып,қорытынды сөйлемді бөліп алу.

4. Жазылым. Негізгі ойды тақтаға кезең-кезеңмен жазып отыру.

1. Авторы: М.Әуезов. 2. Тақырыбы: «Көксерек». 3.Жанр түрі: әңгіме. Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

4. Шығарманың негізгі идеясы - оқиға және оның құрылысы, қатысушылардың араларындағы тартыс,оларды суреттеу   әдістері-түптеп келгенде,жазушының сол шығармаларындағы айтайын деген идеясына бағынады.

  «Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы,өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып,айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы,өзіндік ерекшелігі бар.Оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.Бұл шығармада М.Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты көрсетеді.

5.Шығарманың композициялық құрылысы-яғни әңгімедегі дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.

1. Әңгіменің басталуы-Қараадырдың  қарағанды сайы,елсіз жердегі қасқырлар мекені.

2. Әңгіменің дамуы- адамдардың табиғат заңына қарсы келуі.

3. Әңгіменің байланысы-күшікті ауылға алып келуі және Құрмаштың Көксерекке бауыр басуы.

4. Әңгіменің шиеленісуі- өзіне жақын,түсінетін тіршілік иесіне жолығуы.

5. Әңгіменің шарықтау шегі-құтырған Көксерек.

6. Әңгіменің шешімі- Құрмаштың өлімі.

7. Әңгіме қорытындысы.

 Әже зары. 5. Даттаушы және жақтаушы жақ өздерінің көтерген мәселелері бойынша бейнелеуіш,көріктеуіш сөздерді кіргізіп, сөйлем құрастырып,топтың түрлерін анықтайды.

А) Эпитет Ә) Метафора Б) Теңдеу В) Кейіптеу

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Бекіту

5 мин

Дебат сабақты бекіту үшін,талдаған шығармалар бойынша сұрақтар қойылады.

Сұрақтар: «Эпизод» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

М.Әуезовтың тағы басқа қадай шығармаларын білесің?

Құрмаш Көксеректі алғанда, Көксерек қандай болатын?

Қараадырдың елсіз сайы қалай суреттелген?

Көксерек қай сайда дүниеге келген?

Не себепті Көксерек Құрмашқа шабуыл жасады?

6. Қорытынды

2 мин

 «Қазақ халқының түпкі тегі көк бөрі деген ұғымның ерекше маңыздылығын ескере отырсақ,алайда қасқыр о бастан мал баққан қазаққа үлкен қауіп-қатер төндіріп келген». «Жау жоқ деме,жер астында,бөрі жоқ деме,бөрік астында»-деп қауіптеніп отырған.

7. Бағалау

2 мин

 

8. Үй тапсырмасы

1 мин

 «Табиғат және адам» тақырыбына шығарма жазу.

 

   «Көксерек» әңгімесіне сатылай кешенді талдау.

 

 

 
 

 

 

 

  1. Авторы: М.Әуезов
  2. Тақырыбы: «Көксерек»
  3. Жанр түрі: Әңгіме.Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделген,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
  4. Шығарманың негізгі идеясы: М.Әуезов шығармада табиғат пен адам арасындағы байланысты көрсетеді.
  5. Шығарманың композициялық құрылысы:
    • Әңгіменің басталуы.
    • Әңгіменің дамуы.
    • Әңгіменің байланысы.
    • Әңгіменің шиеленісуі.
    • Әңгіменің шарықтау шегі.
    • Әңгіменің шешімі.
    • Әңгіме қорытындысы.

       Осы орайда біздің міндетіміз оқушы бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Осы қасиеттерді байқап, оның дамуына түрткі бола білуде түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізу әр ұстаздың шеберлігіне байланысты.

             Кәзіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да,білікті,мәдениетті,бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейміз десек, онда оқытудың түрлері мен әдістерін жаңарта отырып, оқу үрдісіне тиімді пайдаланғанымыз абзал.

       

       


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз