Өлең, жыр, ақындар

"Ең үздік тұлға - 2016" танымдық білім сайысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық

мектеп-интернатының

математика пәнінің мұғалімі: Ешмуратова Лида

 

Бөлімі: математика

(Математика пәнінен кластан тыс шара)

Класы: 10"а" және 10"б" кластары (әр кластан 7 оқушыдан топ құрылады)

Мақсаты:

  • Балалардың интеллектуальды дамуы мен олардың дарын - қабілеттерін анықтау;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • оқушылардың негізгі, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту, танымын кеңейту;
  • тапқырлыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі:Сұрақ, жауап компьютер арқылы, музыкалы түрде болады.

Дайындық бөлімі:

  • Қолданбалы бағдарлама енгізілген компьютерге қиындық деңгейі әр түрлі сұрақтар іріктеліп 100 балдан 1000000 балдық ұяшықтарға енгізіледі.
  • Ойынның өзінің стандартты музыкасы қамтамасыз етіледі.

Жүру барысы:

  • Ойын алдын ала оқушыларға ескертіледі.
  • Ойынға қатысу үшін бір күн бұрын оқушылардан математика, информатика, физика, география, тарих, биология, химия пәндерінен және спорт жаңалықтарынан енгізілген 100 сұрақтары бар тесталынады.
  • 70 балдан жоғары жинаған бала ойынға қатыса алады.
  • 1000000 ұпайын жеңіп алған оқушы«Ең үздік тұлға-2013» номинациясы бойынша «Құрмет грамотасымен» ерекше үлкен құрметпен марапатталады.

«О счастливчик» арнайы қолданбалы бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Жүру тәртібі:

  1. Досыңнан көмек сұрау (ұялы телефон арқылы).
  2. Көрермендер көмегі
  3. 50-50 дұрыс емес екі жауапты алып тастау.

Көрнекіліктер:  интерактивті тақтада әзірленген флипчарттар, дербес компьютер.

Өту барысы:

Ойынды мұғалім жүргізеді: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі 9 «а», 9 «б» сыныбында өтетін  «Ең үздік тұлға - 2009», танымдық білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа он оқушыны таңдап, сол оқушылардың ішінен бір оқушы ғана өзінің білімін көрсетеді. Білім сайысы телехабарлардан берілетін «Миллион кімге бұйырады?» ойыны негізінде өтеді. Бірақ, ойынымыз ақша түрінде емес ұпай түрінде бағаланады.

Он оқушыға бірдей сұрақ беріледі. Дұрыс жауабын бұрын айтқан оқушы ойынға қатысады.

Ойын шарты: Көрермендердің ішінен жеңіп шыққан оқушыға мынадай жеңілдігіміз бар.

  1. Көрермендердің көмегі;
  2. Досыңа телефон шалу;
  3. 50: 50

Олай болса, іске сәт!

«Ғажайып сұрақтар» : 

1.    Массаның – өлшем бірлігін – өсу ретімен орналастыр

А) кг

Б) тонна

В) гр

Г) центнер

Дұрыс жауабы:

  • Грамм
  • Килограмм
  • Центнер
  • Тонна

2. Геометриядан өтілетін тарауларды басынан бастап орналастыр

А) үшбұрыштарды шешу                                          

В) жазықтықтағы фигураларды түрлендіру

С) жазықтықтағы векторлар                                    

Д) шеңбер ұзындығы, дөңгелектің ауданы

Дұрыс жауабы:

  • Жазықтықтағы векторлар                                    
  • Үшбұрыштарды шешу                                          
  • Жазықтықтағы фигураларды түрлендіру
  • Шеңбер ұзындығы, дөңгелектің ауданы

3 . Регистрдің немесе есте сақтау ұяшығында ақпараттың өлшем бірліктерін ретімен орналастыр

А) Гбайт

Б) бит

С) мб

Д) кб

Дұрыс жауабы:

  • бит
  • байт
  • Кбайт
  • Мбайт
  • Гбайт

4. Ұшатын аппарат ең алғашқысынан бастап орналастыр

А) самолет

В) дирижабль

С) стратостат

Д) ракета

Дұрыс жауабы:

  • А) стратостат
  • В) дерижабль
  • С) самолет
  • Д) ракета

5. Планеталардың үлкенінен кішісіне қарай орналастыр

А) нептун

В) уран          

С) сатурн       

Д) юпитер     

Дұрыс жауабы:

  • А)  Юпитер
  • В)  Сатурн          
  • С)  Уран
  • Д)  Нептун

6. Планеталардың күннен алыстауына байланысты орналастыр

А) Марс

В) Жер

С) Меркурии

Д) Шолпан

Дұрыс жауабы:

  • А) Меркурии
  • В) Шолпан
  • С) Жер
  • Д) Марс

7. Еселіктерді кему ретімен орналастыр

А) микро

В) милли

С) гига

Д) мега

Дұрыс жауабы:

  • А)  гига
  • В)  мега
  • С)  милли
  • Д)   микро

8.  12 жыл мезгілдерінің қазақша аттарын ретімен көрсет:

 Сиыр     

жылан     

мешін   

тауық     

қоян

барыс    

тышқан   

ұлу  

қой   

доңыз     

ит

Дұрыс жауабы:

  • Тышқан   
  • Сиыр  
  • Барыс
  • Қоян 
  • Ұлу
  • Жылан
  • Жылқы
  • Қой
  • Мешін
  • Тауық
  • Ит
  • Доңыз

9 .  Ретімен келтір:

Қазақ мемлекетінің астаналары:

1. Түркістан

2. Алматы

3. Сығанақ

4. Қызыл-Орда

5. Орынбор

6. Астана

Дұрыс жауабы:

  •   Ретімен келтір:  3, 1, 5, 4, 2, 6

10. Сәйкестікті тап:

  1. Қасым хан-

А) қазақ ханы

  1. Тәуекел хан-

Б) қазақ, ноғай, моғол ханы

  1. Тәуке хан-

В) қазақ, башқұрт, қарақалпақ ханы

Дұрыс жауабы:

  • Сәйкестікті тап:
  • Қасым хан  -
  • Б) қазақ, ноғай, моғол ханы
  • Тәуекел хан-
  • А) қазақ ханы
  • Тәуке хан-
  • В) қазақ, башқұрт, қарақалпақ ханы

 

Деңгейлік тапсырмалар:

100 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Функцяның геометриялық кескiнделуi

1. Формула

2. Ордината

3. Обцисса

4. График

2. Координаталар жүйесiн жасаған математик

1. Пифагор

2. Фалес

3. Декард

4. Ферма

3. Ертедегi грек математигi, геометрияның негізін қалаушы

1. Диафант

2. Евклид

3. Эратасфен

4. Пифагор

4. Тік бұрышты үшбұрышты шешуге арналған теореманы ашқан математик

1. Паскаль

2. Фалес

3. Торичелли

4. Пифагор

5. Өз жемiсiнiң атымен аталатын қала

1. Лион

2. Лондон

3. Алматы

4. Гага

6. Жазықтықтың негізгі геометриялық фигурасы

1. Нүкте

2. Сәуле

3. Кесінді

4. Жазыктык

7. Геометрияның жазыктықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі

1. Планиметрия

2. Стереометрия

3. Математика

4. Алгебра

8. Үшбұрыш төбесінен қарсы жаткан қабырғаның ортасын қосатын кесінді

1. Медиана

2. Биссектриса

3. Биіктік

4. Перпендикуляр

9. Ортақ центрлі радиустары тең емес екі шеңбер?

1. Концентрлі шеңбер

2. Сыртқы жанасу шеңбері

3. Ішкі жанасу шеңбері

4. Бірлік шеңбер

10. Бір радианға тең доғаның ұзындығы?

1. Радиус

2. Хорда

3. Диаметр

4. Кесінді

11.Ең кіші жай тақ сан

  1. 3
  2. 5
  3. 1
  4. 0

12. Ұзындығы шеңбердің радиусына тең бұрыш?

1. Радиан

2. Кесінді

3. Хорда

4. Диаметр

13. Төмендегі ондық бөлшектердің қайсысы кіші?

1. 0.802

2. 0.801

3. 0.8011

4. 0.8008

200  БАЛЛДЫҚ ОЙЫН

1. Қыздыру шамының спиралы үшін қандай металл қолданылады?

1. Мырыш

2. Алюминий

3. Вольфрам

4. Мыс

2. Ең қымбат металл

1. Мыс

2. Алтын

3. Мырыш

4. Жез

3. Жер сілкінгенде бөлмедегі ең қауіпсіз жер

  1. Есік жақтауы
  2. Қабырға жаны
  3. Терезе алды
  4. Бөлменің бұрышы

4. Ең кішкентай кұс

1. Шымшық

2. Торғай

3. Киви

      4. Колибри

5. Ай бетінде сөйлесуге бола ма?

1. Болады

2. Белгісіз

3. Болмайды

4. Бір жақты жауабы жоқ

6. Қымбат бағалы тастың өлшем бірлігі

1. Миллиграмм

2. Карат

3. Грамм

4. Грамм үлесі

7. Пирамида термині ең алғаш қай жерде пайда болды?

1. Қытай

2. Мысыр

3. Каир

4. Вавилон

8. Аты-жөні өзі тұрған қаланың аты-жөнімен байланысты ғалым:

1. Эл-Хорезми

2. Ұлықбек

3. Эл-Жебр

4. Эл-Фараби

9. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тен. Ол кандай сандар?

  1. 5 және 3
  2. 6 және 2
  3. 9 және 7
  4. 2 және 4

10. Қандай екі түзудің ортақ нүктелері болмайды?

1. Параллель

2. Перпендикуляр түзулер

3. Сәулелер

4. Түзулер

11. Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет баяндаған және тарихта "бірінші ұстаз" аталған ұлы ойшыл?

1. Әл-Фараби

2. Аристотель

3. Ньютон

4. Ломоносов

 

300 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Жердің Күнді айналу периоды қалай аталады?

1. Сағат

2. Тәулік

3. Жыл

4. Fасыр

2. АҚШ-та температураны өлшеу үшін қандай шкала қолданылады?

1. Реомюр

2. Цельсий

3. Кельвин

4. Фарангейт

3. Логарифмдер таблицасын жасаған математик

1. Фалес

2. Лейбниц

3. Лобачевский

4. Брадис

4. Есеп шығару кезінде оқушы нені ескеру қажет?

1. Зейін

2. Тәртіп

3. Уакыт

4. Жылдамдық

5. Зерттеу әдісі

1. Анализ

2. Синтез

3. Дәлелдеу

4. Қорытынды

6. Массаның пұт өлшемі неге тең?

1. 160кг

2. 16кг

3. 1600кг

4. 1,6кг

7. Барлық қабырғасы тең болса да, дұрыс деген атқа ие емес төртбұрыш

1. Ромб

2. Параллелограмм

3. Тіктөртбұрыш

4. Квадрат

8. Сағат 3 секундта үш рет соғады. 7 соққыны сағат қанша секундта соғады?

  1. 7 секундта
  2. 21 секундта
  3. 9 секундта
  4. 3 секундта

9. Дәурен командасындағы тізім бойынша алдынан 25-ші және артынан 25-ші болса тізімде қанша адам бар?

  1. 49 адам бар
  2. 50 адам бар
  3. 48 адам бар
  4. 70 адам бар

10. Қандай геометриялық дене архитектура символы деп аталады?

1. Пирамида

2. Үшбұрыш

3. Квадрат

4. Тіктөртбұрыш

11. 2 литрлік бөтелкені қолданып, 9 литрлік шелекті сумен толтыру үшін су көзіне қанша рет бару керек?

1. 4.5

2. 5

3. 4

4. 9

12. 3 пен 7-ге бөлінгенде 1 қалдық қалатын екі орынды ең үлкен натурал сан қайсысы?

1. 22

2. 64

3. 85

4. 88

 

500 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. "Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек" - кімнің сөзі?

1. М.В.Ломоносов

2. Г.Галилей

3. К.Гаусс

4. Ковалевская

2. Жердің радиусы неге тең?

1. 6400км

2. 6000км

3. 600м

4. 640м

3. Күшті қандай жануар атымен өлшейді?

1. Піл

2. Ат

3. Тигр

4. Түйе

4. Күннен жерге жарық қанша уақытта жетеді?

  1. 8 сек
  2. 8 сағ
  3. 8 мин
  4. 80 сек

5. Дыбысты тілі арқылы "еститін" жануар

1. Кесіртке

2. Жылан

3. Тасбақа

4. Ит

6. "Қатаң" деген атка ие болған фигура

1. Квадрат

2. Үшбұрыш

3. Тіктөртбұрыш

4. Ромб

7. Бір нүктеден түссе де ешқашан перпендикулярға тең келмейтін кесінді

1. Көлбеу

2. Проекция

3. Кесінді

4. Сәуле

8. Дүниенің бөлігіне перпендикуляр болатын үлкен шеңбер

1. Аспан экваторы

2. Меридиан

3. Параллель

4. Экватор

9. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік

1. Конус

2. Цилиндр

3. Шеңбер

4. Үшбұрыш

10. Геометрияның алғашқы теоремасының дәлелдеуін 12 жасында ашқан кім?

1. Блез Паскаль

2. Пифагор

3. Лейбниц

4. Евклид

11. Үшбұрыштың қабырғаларының ортасынан жүргізілген перпендикулярдың қиылысуын көрсететін модель

1. Медиатрис

2. Медиана

3. Биіктік

4. Биссектриса

12. Ең жеңіл салмақ атауының қазақша аты?

1. Мысқал

2. Зілдей

3. Қаңбақтай

4. Жұдырықтай

13. Стереометриядағы аксиома саны нешеу?

        1)  3

        2)  5

        3)  1

        4)  6

13. Фокустары центрінде қиылысатын фигура:

   1. Шеңбер

   2. Эллипс

   3. Дөңгелек

   4. Квадрат

1000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Жиырма жылда 4 м төмендеген,  дүние жүзіндегі "ең ауыр қала"

1. Лондон

2. Санкт-Петербург

3. Токио

4. Гага

2. Жаңалық ашқан Архимедтің айтқан сөзі

1. Эврика

2.Физика

3. Гиерон

4. Таптым

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Аубакіровтың ғарышқа сапары қай кезең?

  1. 1992ж. 2-10 казан
  2. 1991ж. 2-10 казан
  3. 1993ж. 2-10 казан
  4. 1994ж. 2-10 казан

4. Евклидтік емес геометрияның негізін қалаушы, орыстың ұлы математигі

1. Фалес

2. Лобачевский

3. Ломоносов

4. Ковалевская

5. Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді немесе көлбеудің ортогональ "көлеңкесі"

1. Проекция

2. Түзу

3. Сәуле

4. Кесінді

6. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 гр. екені қай жылы, қай елде анықталды?

1. Фалес(639-548жж)Грецияда

2. Брахмагупта(598-660)Үнді

3. Эл-Бируни(973-1048)Ор.Аз

4. Эл-Хорезми(976-1031)Ор.А

7. Вектор терминін енгізген кім?

1. У.Гамилтон

2. Эл-Коши

3.Фалес

4. Лобачевский

8. "Миллион" сөзіқай елдежарыққа шықты?

  1. 1500ж. Италияда
  2. 1500ж. Грецияда
  3. 1500ж. Францияда
  4. 1500ж. Ресейде

9. 1 унцияқанша грамм?

  1. 29 грамм
  2. 100 грамм
  3. 16 грамм
  4. 36 грамм

10. Солтүстікке жүріп бара жатып солға бұрылдым, тағы бір рет солға бұрылдым, одан кейін онға бұрылдым, тағы бір рет оңға бұрылдым. Қай жаққа қарап тұрмын?

1. Солтүстік

2. Батыс

3. Оңтүстік

4. Шығыс

 

2000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. "Программалау - екінші сауаттылық" кімнің сөзі?

1, Ершов

2. Лавлейс

3. Лейбниц

4. Беббидж

2. Табиғаттың ұлы кітабы "математика" символдары мен жазылған. Бұл кімнің сөзі

1. Ломоносов

2. Лейбниц

3. Паскаль

4. Галлилей

3. Ең алғаш программалау механикалық машинасын қолдану идеясын ұсынған:

1. Ч.Беббидж(ХІХ fасыр орт)

2. Дж. Атанасов(ХХ f. 30ж)

3. К.Берри(ХХ f)

4. Паскаль

4. Дүние жүзіндегі ең алғаш программист:

1. Г.Лейбниц

2. А.Лавлейс

3. Дж. Фон Нейман

4.Паскаль

5. Сандық қатарды енгізген француз математигі:

1. Кюри

2. Коши

3. Чева

4. Ферма

6. Аристотель шығармаларының бірінші коментаторы кім?

1. Эл-Фараби

2. Эл-Бируни

3. Евклид

4. Ұлыкбек

7. Ондық бөлшек және оған амалдарды бір жүйеге келтіріп жазған кім?

1. Эл-Каши

2. Эл-Хорезми

3. Эл-Фараби

4. Ұлыкбек

 

4000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. 20 жасында математика ғылымдарының докторы атағын алған әйгілі совет математигі

1. Мергелян

2. Атанасьян

3. Галицкий

4. Виленкин

2. Тұңғыш кітап басылған ертедегі қала

1. Рим

2. Афины

3. Вавилон

4. Александрия

3.     "*", "/" белгілерін ұсынған кім?

1. Лейбниц

2. Ломоносов

3. Лобачевский

4. Ковалевская

4. Ең бірінші Нобель сыйлығына ие болған неміс ғалымы кім?

1. Резерфорд

2. Эйнштейн

3. Лоренц

4. Рентген

5. Ұялы телефонды ойлап тапқан ғалым?

1. В.Рентген

2. Ж.Альферов

3. Мария Кюри

4. Дж.Томсон

6. Жер бетінде барлық қабырғасы оңтүстікке қарап тұратын үйді қайда салуға болады?

1. Экваторға жақын

2. Солтүстік полюсте

3. Оңтүстік полюсте

4.Экваторда

7. Әлем мұхиттарындағы тасу мен қайтуды туғызатын Аспан денесі

1. Ай

2. Астероидтар

3. Кометалар

4. Марс

 

8000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Арифметиканы ғылым ретінде тұңғыш баяндаушылар кімдер

1. Грек математиктері

2. Француз математиктері

3. Неміс математиктері

4. Мысырлықтар

2. Қосу мен азайту амалдарын орындауға арналған тұңғыш арифмометр құрылғысын ойлап тапқан француз математигі

1. Муавр

2. Паскаль

3. Виет

4. Лейбниц

3. Цифр қайелдің сөзі

  1. ң ноль деген сөзі
  2. ндінің ноль деген сөзі
  3. ң ноль деген сөзі
  4. ң ноль деген сөзі

4. "Нива" автомобилінің двигателінің қуаты қандай?

  1. 0 ат күші
  2. 85 ат күші
  3. 60 ат күші
  4. 110 ат күші

5. Диаметрлерді өте дәлдікпен өлшейтін аспап:

1. Штангенциркуль

2. Циркуль

3. Лекало

4. Транспортир-сызғыш

6. Косинустар теоремасын ашқан кім?

  1. л-Бируни
  2. л-Жебр
  3. л-Фараби
  4. л-Хорезми

7. Синустар теоремасын ашқан кім?

1. Брахмагупта

2. Ұлыкбек

3. Әл-Бируни

4. Әл-Хорезми

16000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Тұңғыш рет қағаз ақша жасаған мемлекет

1. АҚШ

2. Англия

3. Греция

4. Қытай

2. Квадрилион неше нольмен өрнектеледі?

1. 24

2. 10

3. 19

4. 13

3. Ұзындықтың "үлкен саусақ" деген өлшем бірлігі голландия тіліне аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

1. Миль

2. Фут

3. Метр

4. Дюйм

4.  Әл-Фараби алғашқы білімін қай тілде алды?

1. Қыпшақ тілінде

2. Араб тілінде

3. Парсы тілінде

4. Қазақ тілінде

5. Шыңғысханның балдарына бөліп берген жер атауы:

1. Інжу

2. Суяб

3. Мыңбұлақ

4. Жанкент

32000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. "+","-" таңбасын математикаға кім енгізді?

1. Чех Хеба Ян Видман(ХV f)

2. Мергелен

3. Лобачевский

4. Коши

2. Өшіргішті ойлап тапқан қай елдің ғалымы?

1. Ағылшын ғалымы Пристли

2. Ағылшын ғалымы Гамилтон

3. Орыс ғалымыЧевышыв

4. Орыс ғалымы Лобачевский

3. Екімүшеліктің дәрежесі

1. Бином

2. Квадрат

3. Комбинаторика

4. Теру

4. Үтірді математикалық белгі ретінде енгізген кім?

1. Кеплер

2. Мергелян

3. Галлилей

4. Рекорт

 

64000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. "Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз, оларды меңгере білу керек" авторы кім?

1. Чевышев

2. Лобачевский

3. Ломоносов

4. Ковалевская

2. Математикада нені архитектураның универсаль тілі деп атады?

1. Пропорция

2. Логарифм

3. Дәреже

4. Функция

3. Сандар теориясы мен математикалық анализден басқа музыка жағынан да шығармашылықпен айналысқан кім? Оның «музыкалық жаңа теориясы» туралы өзгелер былай деді: «Бұл математиктер үшін өте сазды, сазгерлер үшін математика жағы басым». Бұл қай математик?

 1.  Ломоносов

2. Ковалевская

3. Хаусдорф

       4. Эйлер

125000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Музыкалы дыбыстар қатынасы сандар қатынасына сәйкес келеді. Мына қатынастардың ішінде қай қатынас музыкалық дыбысқа сәйкес емес:

1. 1:2

2. 2:3

3. 3:4

4. 5:7

250000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1."Әлемде көркем емес математикаға орын жоқ" деп кім айтқан?

1. Харди

2. Хаусдорф

3. Лейбниц

4. Мергелян

500000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Октильон неше нольмен аяқталады?

1. 48

2. 9

3.16

4. 28

1000000 БАЛДЫҚ ОЙЫН

1. Септилион неше нольмен аяқталады?

1. 30

2. 49

3. 80

4. 42

ІІ. Қорытынды: Ең жоғарғы балл жинаған оқушы, мектебіміздің  «Ең үздік тұлға – 20..» атағы беріліп марапатталады.

Ескерту: Қосымша деңгейлік сұрақтар «О счастливчик» ойыны жазылған программаның ойын ұяшығына толықтырылып жаза беруге болады.  


Пікірлер (2)

Маржан

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз