Өлең, жыр, ақындар

Опера театрының тарихы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы

"Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-сінің

Музыка пәнінің мұғалімі: Исабекова Еркеназым Сатыбалдиновна

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: опера театрының тарихымен танысу, мағынасын ашу, музыкаға  қызығушылығын мен ынтасын ояту.

Тәрбиелілігі: оқушыларды өнердің қыр сырлары мен танытып, сүйіспеншілікке, еңбекке жарқын мінезділікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: есте сақтау, ырғақты сезінуге қабілеттерін дамыту, музыканы тыңдау және талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізуге үйрену.Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа мағынаны тану.

Сабақтың өткізу әдісі: сұрақ-жауап, музыка тыңдату, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, суреттер, аккордеон, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Балалар, үйге қандай тақырыптар берілді?

/                 /

Үрмелі, ұрмалы, жез аспаптарының пайда болуы не себеп?

/                 /

Мына аспаптар қалай аталады?

 

3. Жаңа сабақ.

«Опера театрының тарихы»

Опера Еуропаның классикалық  музыка мәдениетінің ең жоғары  жетістігі болып есептеледі. Ең алдымен жазушы операның либреттасын жазады – мазмұны мен мәтінің құрайды – кейін композитор – музыкасын жазады.

Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді, оркестр басқаратын – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді, әртістердің киім үлгілерін жасап шығ.ды, тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады.

Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін аямайды.

Опера – 16-17 ғ Италияда пайда болды. Ең алғашында речитатив түр. айтқан, кейін италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы мен жырларын тарихын негізге алды.

Театр – гректерден енген, түрлі таңғажайып құбылыстар,қызықтар көрінісімен қаншама халыққа көрсете алған. Көне театр Грекияның Афины қаласында ашық аспанның астында, таудың етегінде орналасқан, таудың етегін арнайы ойып, орындықтар жасап, 17мың көрермен отыратын болған, театрдың ортасы дөңгелек, шеңбер болған оны «орхестра» деп атаған. Грекияда ерлер ғана орындаған, маска киген. Алыстан көру үшін көрермендерді әртістер аяқтарына арнайы биік өкше қағылған етіктер киген.

4. Музыка тыңдау.

«Кармен» Жорж Бизе 4-көріністіңантракт

Жорж Бизе 25 қазанда 1838 жылы Парижде әншілер отбасында д.к. 10жасында Париждегі консерваторияға түсіп, көптеген опералар жазады. Ж. Бизе жүрек ауруымен қайтыс болады.

/операны тыңдату, сұрақ қойып, жауап алу/

5. Ән үйрету.

«Әнші болғым келеді»

Дауыс жаттығулары

/фразамен, парта- партамен, бірге үйрету/

6. Толғаныс.

Білемін. Мен үшін жаңалық. Білгім келеді.

/әр оқушы өз ойларын ауызша ашық айтып  бөлісу/

7. Қорытындылау.

- Опера дегеніміз не?
- Либретто деп нені айтамыз?
- Қандай әнмен таныстық?
- Театрдың ортасындағы шеңбер сахна?

8. Бағалау.

9. Үйге тапсырма.

/оқу, әннің бір шумағын жаттау, терминдік сөздерді жазып, жаттау.


Пікірлер (2)

Мухаммедова Дильназ

Оте жаксы рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз