Өлең, жыр, ақындар

Өсімдік түрлері

Сарина Айслу Тынштыковна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№53 жалпы білім беретін мектеп

Айы, күні

 

 4-класс

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік түрлері

Мақсаты:

Мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын байыту, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым-қатынасқа түсіру.

Оқу нәтижесі:

 үйренеді:

·         бірлескен жұмысқа;

·         топ арасындағы ынтымақтастыққа;

·         ұжымдық жауапкершілікке;

Әдіс тәсілдер:

Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту  мен оқуды ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды пайдалану;+

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқар ужәне көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Тренинг «Мұғалім мен оқушы»

2. Топқа бөліну

3. Мәтінмен жұмыс. Екі топ мәнерлеп оқиды, аударады, бір-бірін бағалайды.

4. Мәтінмен жұмыс

 

5.Сөздіктен бір сөз алып, үлгіге қарап өзгерту.

6. Жаңа  танысқан сөздерді қайталау.

7.Сабақты бекіту.

8. үйге тапсырма алу.

9. Бағалау.

Тіл дамыту кезеңі:

Қазір қай жыл мезгілі?

Көктем айларын ата?

Қазір қандай ай?

Бүгін ауа райы қандай?

Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Табиғатқа не жатады?

 

Бүгін жаңа тақырыппен танысамыз. Бұл «Өсімдік түрлері». Орысша қалай болады? Дұрыс «Виды растения».

Өсімдік дегенді қалай түсінесіңдер?

Ағаш, гүл, шөп, жеміс, көкөніс .....

Жаңа сөздерді сөздікке жазу, сөз тіркестерін, сөйлемдер  жасау.

Тамыр - корень

Қорек - питание

Құнды - ценный

Бұта - куст

Сабақ - стебель

Қамтамасыз етеді - обеспечивает

Тыныс алады-дышит

Жем - корм

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Өсімдіктер – слайды

       

 

Оқушылар кітабын жабады. Қағаздағы мәтін қиындыларымен топта жұмыс істейді.

Оқушыларға мәтін бөліктерін беремін «Джиксо» әдісі. Олар оқып, мәтінді дұрыс жинақтауы керек.

Өз жұмысын қорғау. Неліктен осылай жасағанын түсіндіру. Кітапты ашып, нағыз нұсқамен салыстыру. (120 бет, 1-жаттығу)

Дәптермен, тақтамен жұмыс. Көшіріп жаз, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

        Алмада 12 түрлі дәрумен бар. Ол - өте пайдалы жеміс. Алма мидың жұмысын жақсартады. Алма бағының адам денсаулығына жақсы әсері бар.

Топқа  бөлу:

Түстістиктермен 2 топқа  бөліну

Топпен жұмыс.Сөздікпентанысу. Карточка толтыру.

Өсімдіктің әр тобының көптеген түрлері болады.

Ағаштар: қайың, емен, қарағай, көктерек, терек, шырша, қарағаш, жөке, жеміс ағаштары, т.б.

Ағаштар мәңгі жасыл болып тұратын, жапырақтары ине сияқты болып келетін және күзде жапырағы сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштар болып бөлінеді. Ағаш – діңі жақсы жетілген, бойы 2 метрден кем емес көпжылдық өсімдік (суреттері беріледі).

Бұтаның түрлері:таңқурай, итмұрын, қарақат, жыңғыл, бөртегүл, шеңгел, т.б. Бұталар ағашқа қарағанда аласалау болады. Әрі олардың сабақтары болады (суреттері беріледі).

Шөптектестер: жоңышқа, бақбақ, көкнәр, селеу, бидайық, күнбағыс, бидай, т.б. Шөптер – бұл кәдімгі жұмсақ, жіңішке сабақтары бар өсімдіктер. Шөптер бір жылдық: бидай, күнбағыс, т.с.с және екіжылдық: орамжапырақ, сәбіз, шалғам т.с.с немесе көпжылдық: бидайық, жоңышқа, бақ-бақ т.с.с. болады (суреттері беріледі).

Сергіту сәті

Жаңбыр-жауды тырс 2

Борансоқты гу 2

Жел тұрды ыли-2

Найзағай ойнайды тар-тұрс

Үйге тапсырма

4-жаттығу  121-бет жазу,

Рефлексия

 “ Бес жол өлең ” құрастыру.
1. Не? Гүл.
2. Қандай? Әдемі, хошиісті.
3. Не істейді? Өседі, гүлдейді, қурайды.
4. Сөйлем. Гүл адамға қуаныш сыйлайды.
5. Мәндес сөз. Өсімдік.

Бағалау:

Критерийле рбойынша  өзара бағалау

 

Критерийлер:

Мәнерлеп оқу;

Түсінгенін айта білу;

Сауатты жазу;

Бір-бірін тыңдау;

Белсенді болу;

Уақытты бағалау;

Тәртіп бұзбау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз