Өлең, жыр, ақындар

Есімшенің түрленуі

БҚО, Теректі ауданы

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кисымова Актолкын Галымжановна

 

Сыныбы: 7б

Күні:                пәні: қазақ тілі

Тақырыбы

Есімшенің түрленуі

Мақсаты

Есімшенің түрленуін мысалдар арқылы түсіндіру

Күтілетін нәтиже

   А) Есімшенің түрленуі туралы түсінік қалыптасады

   В)  Жаттығу орындау барысында тұлғаларын ажыратуға үйренеді

   С) Есімшені түрлендіру арқылы ортақ ереже шығарады

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

7-сынып қазақ тілі оқулығы, ғаламтор

Сабақтың барысы

Уақ.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру, сабаққа қатысын тексеру

 

 

Топқа бөлу. Фотосуреттер арқылы топқа бөлу.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру:

Ереже қайталау:

1.Зат есімнің түрленуі деген не?

2.Сын есімнің шырайы деген не, нешеге бөлінеді?

3.Салыстырмалы, күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары қандай?

4.Есімдік, оның түрленуі?

5. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?

   Оқушылар амандасып, оқу-құралдарын түгендейді.

Әр топ өз орындарына жайғасады

Оқушылар сұраққа жауап береді.

 

Тұсаукесер

 

 

 
  • Оқушылар, алдарымыздағы

фотосуретке назар аударайық, ненің суреті бейнеленген?

  • Мұражайлардың.
  • Оқушылар, фотосуретке қарап қай

қаладаорналасқан мұражай туралы айтылып жатқанын білуге бола ма?

  • Орал қаласы.
  • Бүгінгі сабағымыздың лексикалық

тақырыбы «Орал қаласындағы мұражайлар». Енді сабағымыздың грамматикалық тақырыбын білу үшін видеороликке назар аударыңдар.

Тапсырма: Есімшелерді түртіп отыру

 Оқушылар фотосуретке қарап мұражайлар-дың суреті бейнеленгенін және ол мұражайлар Орал қаласында орналас-қанын айтады.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есімше - екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол:

1.Жіктеліп, етістік қызметін атқарады.

2.Есімдерше түрленіп (септеліп, көптеліп, тәуелденіп), есім  қызметін атқарады.

 Есімшенің жұрнақтары:

1.-ған, -ген, -қан, -кен

2. - ар, -ер, -р, -с

3. -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек

4. -атын, -етін, -йтын, -йтін

5.-с.

Есімшенің тәуелденуі:

Оңаша        Ортақ                  

І. Менің айтқаным   Біздің айтқанымыз

ІІ. Сенің айтқаның  Сендердің айтқандарың

Сіздің айтқаныңыз  Сіздердің айтқандарыңыз

ІІІ. Оның айтқаны  Олардың айтқандары

Есімшенің жіктелуі:    

І Мен көргенмін  Біз көргенбіз

ІІ Сен көргенсің  Сендер көргенсіңдер

   Сіз көргенсіз     Сіздер көргенсіздер

ІІІ Ол көрген        Олар көрген

Есімшенің септелуі:    

А.с. берер                   айтқан

І.с. берердің               айтқанның

Б.с. берерге                айтқанға

Т.с. берерді                айтқанды

Ж.с. берерде               айтқанда

Ш.с. берерден             айтқаннан

К.с. (септелмейді)      айтқанмен

     Болымсыз етістіктен кейін жалғанатын есімшенің – с жұрнағы жіктелгенде, І жақта – с жұрнағы мен жіктік жалғауы тұтасып, қысқарып кетіп, - н түрінде қолданылады: Бұлтқа жетпей шарт сынбан

Кітаппен жұмыс.

165-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер. (ауызша)

Айтар. Баратын. Білген. Оқитын.

166 – жаттығу. Тапқан, барған, білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.

169-жаттығу. Өлең шумақтары мен мақал – мәтелдерді оқып, есімшелерді табыңдар және олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар. Морфологиялық талдау.

1, 2 – бөлімдері.

Топшамамен жұмыс. Әр топқа Орал қаласындағы мұражайлар туралы мәлімет жазылған топшама таратылады. Мәтіннен есімшелерді тауып, түрленуін түсіндіру. Сұраққа жауап беру.

І топ:

1.С.Ғұмаровтың музей – үйі

   Сұрақ:

1.С.Ғұмаров кім?

2.Қандай картиналары бар?

2. И. Пугачев мұражайы

  (Сабақ барысында тарих пәні мұғалімі И.Пугачев бастаған көтеріліс туралы мәлімет береді)

ІІ топ:

1.Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

2.А.С.Пушкин мұражайы

Сұрақ:

1.А.С. Пушкин кім?

2.Қандай шығармаларын білесіңдер?

Суретпен жұмыс. Суретте көрсетілген жан – жануарларды, құстарды топқа бөліп, сәйкестендіру.

(суретте Орал қаласындағы экологиялық мұражайда  орналасқан жан-жануар, құстар бейнеленеді)

1.Жыртқыштарға жататындар

2.Кеміргіштерге  жататындар

3. «Қызыл кітапқа»  енгендер

Әр топтан бір сөзге есімшелерді пайдаланып,

сөйлем құрау.

   Оқушылар төменгі сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, есімшенің жұрнақтарын атап, түрлендіреді.

 

 

 

 

 

Мысалдар арқылы дәлелдейді: септейді, тәуелдейді, жіктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген жаттығуларды ауызша орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ топшамадағы мәтіндерді оқып, есімшелерді табады, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар суреттерді орналастырады және сөйлем құрайды

 

 

Қорытынды

 

Шығарма: «Менің ауылымдағы мұражай» тақырыбында шағын шығарма жазу.

(сөйлем құрамында есімшелі етістік болуы керек)

 

Суммативті бағалау

Оқушылар берілген тақырып бойынша шығарма жазып, өз ауылдарында-ғы мұражай туралы айтады.

   

 Үйге тапсырма:

1.«Менің қаламдағы ескерткіштер» тақырыбында әңгіме немесе шығарма жазу.

2.С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі есімшелерді теріп, түрленуін түсіндіру.

  Оқушылар үй тапсырмасын мұқият тыңдап, күнделіктеріне жазып алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз