Өлең, жыр, ақындар

Ыстықкөл күнделігі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

№10 жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кенжебаева Гүлмира Жанаталапқызы

 

Сабақтың тақырыбы: «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың мақсаты:

Шоқан Уалихановтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық, саяхатшылық жолынан мәліметтер беру.

Халқымыздың әйгілі ғалым, этнограф, саяхатшы Ш.Уалиханов туралы және оның еңбектері туралы көбірек білуге

Табиғатты аялауға, Отанды сүюге, адамгершілікке, кішіпейілдікке, қарапайымдылыққа өнерді, сезімді бағалау.

  1. Ұйымдастыру. Үй тапсырманы тексеру.

Ш.Уалиханов өзінің саяхаттары туралы қандай еңбектерінде жазды?

Іле өңірінің тарихы туралы не білесіндер?

«Егіншілік туралы» әңгімеде не туралы айтылады?

Қандай ел (халық) туралы айтылады?

Қазақтың егіншілер тобы туралы не айтады?

Құлжа мен Қашқар өңірлерінен келген тәжірибесі – жүзім, өрік, алма т.б. жеміс-жидек ағаштарын өсіру.

«Киіз үй» (оның құрылысы мен сәулеті туралы)

Мақалада аталған арқылы суреттерін салуға болады. Егіншілікке байланысты кәсіби сөздерді теріп жазуға болады. Мысалы: арық, соқа, тары, бидай, егінші, диқан.

Оқушылар өз беттерінше іздену жұмысын жүргізеді. Ол тапсырманы егіншілік, диқаншылық туралы мақал-мәтелдер жинақтау түрінде беруге болады. Және «Қазіргі Қазақстан табиғаты», «Қазақстан-астықты алқап», «Атадан қалған абыройлы кәсіп» тақырыптарына шығарма жазу.

  1. Киіз үй қандай тұрмысқа лайықтанып жасалады?
  2. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
  3. Киіз үйдің ағашы неше бөліктен тұрады?
  4. Шаңырақ қандай қызмет атқарады?
  5. Керегелердің санына қарай киіз үй нешеге бөлінеді?

Сабақтың танымдық деңгейін кеңейту мақсатында қосымша деректер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол киіз үйдің ағашын жасайтын шеберлер, қазақтың ұлттық киіз басу өнері, киіз үдің ішкі жабдықтары: желбау, басқұр, текемет т.б.

Шоқан Уалиханов тақырыбына кроссворд құру.

Сабақты қорытындылау: Ш.Уалиханов кім, ол туралы не білдік, қайда оқыды, қандай шығармалар бар?

Бағалау.

     Үй тапсырмасы: Ыбырай Алтынсарин туралы реферат жазу, презентацияны жасау.


Пікірлер (2)

Нұрила

Жаксы күшті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз