Өлең, жыр, ақындар

Біздің спортшыларымыз

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

№10 жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сергазина Айман Сейітжанқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Біздің спортшыларымыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастару.

Дамытушылық: Танымдарын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,жеке жұптық жұмыс, сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Білімге мен құштармын.

Қолыма қалам ұстадым,

Қазақ тілін үйреткен,

Амансыз ба мұғалім.

 II. Үй тапсырмасын тексеру,

Спорт түрлері: футбол, баскетбол, бокс, күрес, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика – тірек сызба бойынша.

2. сұрақтарға жауап беру;

а/ Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы?

ә/ Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады?

б/ 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті?

в/ 2010 жылы қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті?

г/ Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады?

д /2012 жылы олимпиада қайда болған?

е/ Қандай қазақстанның әйгілі спортшыларын білесің? Жақсылық үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина.

III.Жаңа сабақ

- Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Сендер біраз спортшыларды атадыңдар. Бүгін біз Қазақстанның белгілі споршысымен танысамыз.

1. Жаңа сөздермен танысу.

Дүниеге келген - родился

Тұңғыш олипиада чемпионы- первый олимпийский чемпион

Грек рим күресі-греко-римская борьба

Белгілі-известный

2. Сөздерді дұрыс оқу, мағынасын түсіну, қайталау, есте сақтау.

Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.

 Мысалы: мен өскенде спортшы боламын.

IY. Мәтінмен жұмыс Оқу, аудару.

Жазбаша жұмыс. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Жақсылық Үшкемпіров кім?

3. Ол туралы не білдіңдер?

4. Ол не жеңіп алды?

5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?

А/ Спортшылар туралы слайдтар көру.

Ә/ Грамматиканы қайталау. «Спорт» сөзіне дыбыстық талдау жасап, «доп» сөзін жекеше түрде тәуелдеу.

Y. «Қазақстан спортшылары» тақырыбына диалог құрастыру.

YI .Сергіту сәті.

YII. Сабақты бекіту.

YIII .Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау.

Кері қайту.

          Ілмек сөздер: менің сүйікті спортшым, қазақ тілі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз