Өлең, жыр, ақындар

Есімдік туралы түсінік

Атырау облысы
Исатай ауданы,
Исатай орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы

Сабақтың атауы

Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі

Сілтеме

Қазақ тілі 6-сынып.С.Исаев, Ж.Даулетбекова. Алматы,2015ж

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта, оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс, рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

 

Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданатын орынбасар сөздер екенін ұқтыру.

1. Зат есім, сан есім, сын есімнің орнына қолдануына мысалдар келтіру.

2. Жазбаша және ауызекі сөйлеу тілінде есімдіктерді орынды қолдана білуге үйрету.
1. Есімдік, оның құрамдық, тұлғалық, мағыналық түрлері туралы білімдері қалыптасады.

2. Есімдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалып отырғанын айыра біледі.

Оқыту  нәтижесі

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

1. СТО Миға шабуыл

2. «Қабырғаға қарап оқу»

3. «Автобус аялдамасы»

4.Конверт-сұрақ.

5. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.

Топқа бөлу

2 мин

Сынып оқушыларын зат есм, сын есім, сан есім сөздері арқылы топқа бөлу

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Қызығушылықты ояту.

Тәмсіл «БІРЕУ, ӘРКІМ, ЕШКІМ...» туралы  оқиға

а/.Тыңдайды

2мин

ә/.Топта талқылайды

3 мин

б/.Ортақ шешімін айтады. 

3мин

в/. Мәтінді алдарына беріп, ішіндегі есімдіктерді тапқызу.

2 мин

г/. Ол есімдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалып тұрғанын анықтау

3мин

 

-Сонымен, есімдік дегеніміз қандай сөздер  болды?

3 мин

«Қабырғаға қарап оқу»

Оқулықпен жұмыс

5 мин

   Бір өлкеде 4 кісі өмір сүріпті.  Олардың есімдері – Барлығы, БІРЕУ, ӘРКІМ, ЕШКІМ  екен.

   Бір күні бір маңызды іс орындау керек болыпты. Барлығы ол істі БІРЕУДІҢ жасайтынына сеніпті. Бұл істі ӘРКІМ жасай алатын еді, бірақ ЕШКІМ жасамапты. БІРЕУ бұл жағдайға ашуланыпты. Өйткені істі БАРЛЫҒЫ атқару керек еді, БАРЛЫҒЫ  ӘРКІМ жасайтын шығар деп ойлапты. Бірақ ЕШКІМ  БАРЛЫҒЫ атқармай қалады деп ойламапты.Соңында ӘРКІМНІҢ жасай алатын ісін ЕШКІМ жасамағаны үшін БАРЛЫҒЫ  БІРЕУДІ  кінәлапты.

Мұғалім керек болған жағдайда қорытындысын айтып береді

Қортынды:

      Мықты бір ел боламыз десек, біздің түсінігіміз «МЕНІҢ қатысым қанша» деген түсінік емес, «ЕШКІМ болмаса МЕН бармын» деген және «МАҒАН керек» деген  ойға ие болса игі еді.

Оқушылардың өздері ережені қортып шығаруға жағдай жасайды

Оқушылар ережемен танысып, өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді

Оқушылар тәмсілді тыңдай отырып, соңғы қорытындысын өздері болжайды. Топта талқылап, жауабын береді.

 

 

 

 

 

 

Мәтін ішінен есімдіктерді тауып, астын сызып, оларға сұрақ қоя отырып, қандай сөз табының орнына қолданып тұрғандағын   айтады.

 

 

 

 

 

 

Үш топ та Есімдіктің ержесін қортып шығарады.

 

Кітаптағы ережемен танысады

Кітаппен жұмыс

Тірек-схема бойынша  жаңа сабақты жинақтау

6 мин

Жеке –жеке оқулықтағы тірек-схема бойынша оқығандарын қайталау тапсырылады

Схемаға қарай отырып,  білімдерін жинақтайды

«Автобус аяламасы»

10 мин

Алдарына ақ бет қағаз беріп, аты-жөндерін жаздырып, әр қайсысының қолына әр түрлі түсті қаламсап беріп, тірек-схеманы  сызу тапсырылады.

(2 минут сайын сағат тілімен айналып, өзі бастаған қағаз алдына келгенше айнала береді.)

Әр оқушыға 2 минут уақыт беріліп, сағат тілімен айналдыра отырып схеманы сызып шығады

 (Қаламсап түстері  кімнің тірек-схема сызуда қаншалықты еңбектенгенін, жіберген қателіктері болса, анық көрініп тұрады)

Сергіту сәті

2 мин

Музыкалық  үзіліс

Музыка ырғағымен денешынықтыру қимылдарын жасайды

Үй тапсырмасы

1 мин

Есімдік туралы түсінік

 

 Бағалау

2 мин

Жиынтық бағалау

Топтардың өзара бағалауы

Оқушы коментариясы

Кері байланыс

2 мин

Стикер тарату

Қалай? Неге?  Не үшін?

Не үздік?

Не жетіспеді?

Енді қалай ету керек?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз