Өлең, жыр, ақындар

Белдікті дайындап алу

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Қызыл-төбе елді мекені

 №2 орта мектебі

 Утегенова Жибек Жаналиевна

Технология пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: «Белдікті дайындап алу»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру.  Оқушыларға белдікті дайындып алу жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: Жеке тапсырмаларды орындау барысында техникалық ретін пайдаланып, оқушылардың тапсырған тапсырманы орындау арқылы қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: жинақылыққа, икемділікке, белдікті дайындап алу туралы ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарауға эстетикалық талғамға баулу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, журналдар, оқулық, сантиметр, ине, жіп, қайшы, мата, т,б.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, алгебра.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сабаққа қатынасын анықтау.

ІІ.  Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костьюмнің бөлігі өзіндік бұйымы немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт  бойынша белдемшелерді тік етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді. Тік, иықты және кілем. Тік белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті қырымдармен немесе қырымдарсыз, кеі бүрмелі, резеңке де болуы мүмкін. Белдемшеге мата таңдаған, оны немен киетіндігін шешіп алу керек. Блузкамен, жемпірмен, комзолмен, т.б. мата таңдауы, бұйымның қолдануына қарай (күнделікті, үйге киюге, мезгілге, сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тік белдемшелерге және комзолға ауыр және тығыз мата ұсынылады. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді. Мақта зығыр, жүн және жібек. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тік белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе қыржымдары болса, енді матадан тіккен ыңғайлы.

Сабақты бекіту. Белдікті дайындап алу тураы нені үйрендің?

Үйге тапсырма: Ысырма мен белдік алып келу, үйрену.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз