Өлең, жыр, ақындар

Пифагор

Самостық Пифагор (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.


Нақыл сөздері

Әуелі дана болуға тырыс, ал ғалым болу — қолың босаған кезінде.

Ілмектер: дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғалым Пифагор

Бақытты қуып әлекке түспе: ол барлық уақытта өзіңмен бірге.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Пифагор

Күшті шарап көп ішуге жарамайды,
Дөрекі мінез келелі кеңеске жарамайды. 

Ілмектер: шарап, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Жындыға қылыш ұстатқан қандай қауіпті болса, арамзаға билік беру сондай қауіпті.

Ілмектер: жынды, арам, қылыш, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Бастау — барлығының жартысы.

Ілмектер: Бастау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Әр сан өзіндік ерекшелікке ие.

Ілмектер: сан, ерекшелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Өмiр ойын сияқты: бiреулер оған — жарысуға, басқалар — саудаласуға, ал ең бақыттылары — көруге келедi.

Ілмектер: өмір, жарысу, сауда, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Азап көргенше ақиқаттың досы бол, бiрақ төзуге болмайтын жағдайға дейiн оның қорғаушысы болма.

Ілмектер: азап, ақиқат, дос, төзім, қорғаушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Өткен күндегi бар iстерiңдi таразыламай, ұйқыға жатпа.

Ілмектер: күн, таразы, ұйқы, нақыл, афоризм Пифагор

Бiлiм ақылды алмастыра алмайды.

Ілмектер: білім, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Жағымды нәрсені пайдалының құнымен сатып алма.

Ілмектер: Жағымды қасиет, пайдалы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құн Пифагор

Таңертең оянғанда өзіңе «Мен не істеуім керек?» деген, ал, жатарда «Мен не істедім?» деген сұрақ қой.

Ілмектер: таңертең, ояну, сұрақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын.

Ілмектер: Заң, Әдет, ғұрп, Қоғам Пифагор

Бақыт деген екеудің сыбағасы.

Ілмектер: бақыт Пифагор

Әзіл тұз секілді, оны мөлшерімен салу керек.

Ілмектер: әзіл, тұз, мөлшер Пифагор

Таңертең көзіңді ашқанда өзіңнен: "Бүгін не істеймін?" деп сұраңыз. Ал кешке көзіңізді ілерде: "Бүгін не істедім?" деп сұраңыз.

Ілмектер: таңертең, сұрақ, кеш Пифагор

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Ілмектер: алтын, мақтаншақтық Пифагор

Парасатты қамқоршы ретінде тек ақылға ғана өз өміріңді сеніп тапсыр...

Ілмектер: парасат, қамқоршы, ақыл Пифагор

Ең алдымен өз қадіріңді жоғалтпа!

Ілмектер: қадір Пифагор

Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер.

Ілмектер: Әділет, ойлау Пифагор

Қарап көріңіз