Өлең, жыр, ақындар

Сәкен Сейфуллин

Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Оқу — білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.

Ілмектер: оқу, білім, қазық, азық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сәкен Сейфуллин

Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды.

Ілмектер: қазақ, жалқау, заман, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сәкен Сейфуллин

Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.

Ілмектер: адам, іс Сәкен Сейфуллин

Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.

Ілмектер: іс, ән Сәкен Сейфуллин

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…

Ілмектер: кеңсе, тіл Сәкен Сейфуллин

Адам – керуен, өмір – жол

Ілмектер: адам, Өмір, жол, керуен Сәкен Сейфуллин

Қарап көріңіз