Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Іздесем - табамын, алыссам – аламын!

Ілмектер: іздеу, алу, табу Мұхтар Әуезов

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов

Күйгенімнен - сүйгенім көп.

Ілмектер: күю, сүю Мұхтар Әуезов

Әділет тілесе – атамның да айыбын айтам.

Ілмектер: әділет, айып Мұхтар Әуезов

Көбікті толқын санамаймын.

Ілмектер: көбік, толқын Мұхтар Әуезов

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанымша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болайын.

Ілмектер: су, пайда Мұхтар Әуезов

Жау десе - жалынбаймын, дос десе - тарылмаймын.

Ілмектер: жау, дос Мұхтар Әуезов

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Ілмектер: адамшылық, ой, оқу Мұхтар Әуезов

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.

Ілмектер: халық, адам, Мұхтар Шаханов Мұхтар Әуезов

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Ілмектер: мұғалім, жақсы, бала, оқыту Мұхтар Әуезов

Біз кейінгі буынға тәлім бермесек - ел болғанымыздың мәнісі не?

Ілмектер: тәлім Мұхтар Әуезов

Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.

Ілмектер: адам, жаман, жаратылыс Мұхтар Әуезов

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.

Ілмектер: тартыс, бейнет, табыс Мұхтар Әуезов

Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы деп санаймын.

Ілмектер: адам, ақыл Мұхтар Әуезов

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, ер, кісі Мұхтар Әуезов

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.

Ілмектер: ниет, күш, тәртіп, іс Мұхтар Әуезов

Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау.

Ілмектер: қорғау, жағаласу Мұхтар Әуезов

Адамдықтың негізі - әйел

Ілмектер: адам, негіз, әйел Мұхтар Әуезов

Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.

Ілмектер: кітап, мұрат Мұхтар Әуезов

Адам өзгерумен бірге қауым, халық өсумен ілесе біздің өлкеміз де өзгерді.

Ілмектер: адам, қауым, халық, өлке Мұхтар Әуезов

Қарап көріңіз