Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.

Ілмектер: батырлық, ерлік Махамбет Өтемісұлы

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы!

Ілмектер: ата, кек, бала Махамбет Өтемісұлы

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.

Ілмектер: ұят, ар, құс Махамбет Өтемісұлы

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Ілмектер: ерлік, реніш, өкіну, жесір, жер Махамбет Өтемісұлы

Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.

Ілмектер: пайдасыздық, ұл, керексіздік Махамбет Өтемісұлы

Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана.

Ілмектер: кәрі, жас Махамбет Өтемісұлы

Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп.
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай!

Ілмектер: халық, мақсат Махамбет Өтемісұлы

Ермін деген жігітті,
Кеңшілікте сынама.

Ілмектер: сынау, ер Махамбет Өтемісұлы

Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.

Ілмектер: жақсы, ұл, жаман Махамбет Өтемісұлы

Аз сөйлер де, көп тыңдар,
Хас асылдың баласы.

Ілмектер: сөйлеу, бала Махамбет Өтемісұлы

Өлім - хақтың пәрмені

Ілмектер: өлім Махамбет Өтемісұлы

Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Ілмектер: Достық, Өсек Махамбет Өтемісұлы

Ханнан туған қырықтан, халықтың кегін қуатын қарадан туған біреу артық

Ілмектер: халық, хан Махамбет Өтемісұлы