Өлең, жыр, ақындар

Саиф Сараи

Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.


Нақыл сөздері

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.

Ілмектер: от, жылан, өсиет Саиф Сараи

Жаман әйел - жақсы еркектің соры.

Ілмектер: әйел, жаман Саиф Сараи

Дос - зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде - дұшпан да дос.

Ілмектер: дос, дұшпан, дастархан Саиф Сараи

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, өсиет, жуастық, ой Саиф Сараи

Қадіріңді кетірме: ол - сенің таптырмас байлығың.

Ілмектер: қадір, байлық Саиф Сараи

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.

Ілмектер: өсиет, тәрбие Саиф Сараи

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Ілмектер: ат, адам, өлім Саиф Сараи

Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.

Ілмектер: сөз, қате, өкіну Саиф Сараи

Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.

Ілмектер: жүрек, сұлу, қалау Саиф Сараи

Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саиф Сараи

Надандар білімді адамды көре алмайды.

Ілмектер: надан, көре алмаушылық Саиф Сараи

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Ілмектер: надан, надандық, ақымақтық, дос, қанжар Саиф Сараи

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Ілмектер: білу, мақсат Саиф Сараи

Білім - ердің дәулеті.

Ілмектер: білім, ер, дәулет Саиф Сараи

Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.

Ілмектер: ақыл, күншіл, дау, көңіл Саиф Сараи

Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.

Ілмектер: ісмер, ақша, табыс Саиф Сараи

Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.

Ілмектер: көркі, адам, ағаш, жеміс Саиф Сараи

Біліктінің орны - төр.

Ілмектер: ғылым, білім, өнер Саиф Сараи

Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.

Ілмектер: ақыл, жанжал, ұрыс Саиф Сараи

Артық ішкен ас - зиян.

Ілмектер: ас, зиян, денсаулық Саиф Сараи

Қарап көріңіз