Өлең, жыр, ақындар

Пауло Коэльо

Пауло Коэльо (порт. Paulo Coelho, 2 тамыз 1947, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық ақын және жазушы. Жалпы 16 кітапты жарыққа шығарды, оның ішінде — романдар, пікір білдіріліген антология жинақтары, қысқа әңгіме-аңыз кітаптары. Ең әйгілі кітабы - ұзақ уақытқа дейін ең жақсы оқылатын кітаптар ондығынан түспеген "Алхимик". Барлық тілдегі тираж саны 300 миллион дананы құрап отыр.


Нақыл сөздері

Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады.

Ілмектер: өмір, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Күту – ең қиыны.

Ілмектер: күту, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.

Ілмектер: ой, сана, тіршілік Пауло Коэльо

Адамның әрбір күні бір-біріне ұқсас болса, адамдар өз өмірлерінде күн шыққалы бергі болып жатқан жақсы нәрселерді сезінуден қала бастайды.

Ілмектер: Адам, Өмір Пауло Коэльо

Адамда өз арманының орындалуына керек нәрсенің барлығы бар.

Ілмектер: адам, арман Пауло Коэльо

Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді.

Ілмектер: жеңіс, сенім Пауло Коэльо

Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп.

Ілмектер: арман, қорқыныш, сәтсіздік, кедергі Пауло Коэльо

Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние, ақиқатқа айналады.

Ілмектер: ақиқат, дүние, адам Пауло Коэльо

Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол.

Ілмектер: су, сарқырама, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.

Ілмектер: сенім, дауыс, шешім Пауло Коэльо

Егер сен бір нәрсені қаласаң, бүкіл әлем оның орындалуына себепші болады.

Ілмектер: қалау, әлем, себеп Пауло Коэльо

Қарап көріңіз